ҚР Қорғаныс министрі ресми мәлімдеме жасайды – фейк

Қазақстандық кейбір БАҚ чат-боттарында түнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов резонанстық мәселелер бойынша ресми мәлімдеме жасайды деген ақпарат тарады. Бұл фейк.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бұл хабарламаға қатысты түсініктеме берді.
«Кейбір БАҚ чат-боттарында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бүгін түнге қарай қоғамда резонанс тудырған мәселелер бойынша ресми мәлімдеме жасайды деген ақпарат тарап жатыр.
Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.
Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін интернет кеңістігінде тараған мұндай жалған ақпаратқа сенбеуге, тек ресми дереккөздерге ғана сүйенуге шақырамыз», – делінген ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.