Fake News

Әзіл: «Тұрғын үйге арналған жылжымалы ядролық реактор жасалды»

Әлеуметтік желілерде АҚШ-тың Enron компаниясы әлемдегі алғашқы жылжымалы микроядролық Egg реакторын жасап шығарды деген ақпарат тарады. Жұмыртқа тәрізді құрылғы тұрғын үйді 10 жылға дейін қуатпен қамтамасыз ете алады екен. Бұл әсер етерлік, мұның рас-өтірігін анықтайық.

 

Ретімен айтайық. Enron – Хьюстондағы энергия, тауарлар және қызметтер шығаратын корпорация. 2021 жылы ол қаржылық есептіліктің бұрмалануына байланысты банкротқа ұшырап, жабылып қалды.

Компанияның веб-мекен жайы сақталды. 2020 жылы оны аз танымал The College Company компаниясы небәрі 275 долларға сатып аған. Бас директоры Коннор Гайдос болады. Бұл конспирологтар ортасында белгілі тұлға. Гайдос «Құстар шынайы емес» кітабының бірлескен авторы.

Шығармада барлық құстар ондаған жылдар бұрын жойылып, олардың орнына Үкімет бақылау дрондарын енгізді деген идея айтылады.

Жаңа өнертабыс Enron жылжымалы ядролық реакторды Коннор Гайдос таныстырды. Ол көпшілік алдында бірнеше ай бойы құрылғыны пайдаланып жүргенін және электр қуатын үнемдейтінін айтқан.

Enron сайтында алдын ала тапсырыс беруге және ішкі құрылымымен танысуға болады. Бәрі түсінікті және керемет сияқты көрінеді.  Дегенмен, «Пайдалану және сату шарттары» бөлімін мұқият оқып шығу керек.

Онда былай делінген: «Веб-сайттағы ақпарат бірінші түзетумен қорғалған пародия, бұл орындаушылық өнер болып табылады және тек ойын-сауық мақсаттарына арналған».

Демек, Enron корпорациясының Egg жылжымалы ядролық реакторы туралы хабарлама – бұл компанияның жаңа иелері жасаған әзіл. Сайтта барлық ақпарат көңіл көтеруге арналғаны жазылған.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button