Фейк: «Техас АҚШ құрамынан шықты»
Әлеуметтік желілерде Техас АҚШ құрамынан шығатынын ресми түрде жариялады деп жазылуда. Штат үкіметі президент Джо Байденнің саясатына наразы болғандықтан осындай шешім қабылдаған екен. Бұл өтірік.
Алдымен АҚШ заңнамасына сәйкес, бірде-бір штат заңнамалық деңгейде бөліне алмайтынын айта кеткен жөн. Мұндай прецедент 1865 жылы америкалық азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін бекітілді. 4 жылдан кейін «Техас Уайтқа қарсы» ісінде сот жекелеген Штаттар одақтан біржақты тәртіпте шыға алмайды және Техастың көтеріліске шыққан Заң шығарушы органының актілері, оны техастықтардың көп бөлігі ратификацияласа да, «мүлдем жарамсыз» деп таныды.
Қазіргі уақытта Техаста АҚШ-тан бөліну бойынша қандай да болмасын әрекеттер жасалып жатқан жоқ. Ресми сайтта бұл туралы жазылмаған.
Техас тұрғындарының Джо Байденнің саясатына наразы болып, штатты елден бөліп алуға дайын екендігі дәлелсіз. Штатта Байденнің жақтастары көп тұратыны белгілі. 2020 жылғы сайлауда оның кандидатурасына штат халқының 46,5% дауыс берген. Ал оның бәсекелесі Дональд Трамп 52.1% дауыс жинаған.
Демек, Техастың АҚШ құрамынан шығатыны туралы хабарлама жалған. Бірде-бір штат одақтан заңды түрде шыға алмайды.