Fake News

Қазақстандықтарға ҚР Ұлттық банкінің атынан жалған құжаттар жіберіліп жатыр

Киберқылмыскерлер Қазақстанның Ұлттық банкінің фирмалық бланкісін пайдалана отырып, жалған құжаттар жібере бастады. ҚҰБ өзінің ресми сайтында алаяқтық хабарламалар туралы ескертті


«Қаскөйлер Ұлттық банк атынан жіберген жалған хаттарында олардың алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлайды. Сөйтіп, алаяқтардан ақшаны қауіпсіз түрде қайтару үшін және «клиринг процедурасынан өтуге байланысты қаржы міндеттемелерін» өтеу үшін ақша аудару керек екенін айтады.

ҚҰБ жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, қаржы құралдарын сақтандырмайтынын және халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын еске саламыз.

Интернет-алаяқтары мұндай хабарламаларды WhatsApp мобильді қосымшасы, электрондық пошта және әлеуметтік желілер арқылы таратады», – делінген Қазақстанның Ұлттық банкінің хабарламасында.

Ұлттық банк азаматтарды сақ болуға, күмәнді шоттарға ақша аудармауға, жалған хабарламалар мен тексерілмеген құжаттарға сенбеуге шақырады.

Егер өзіңіз немесе танысыңыз осындай алаяқтық схемаға тап болса, арыз жазып, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгіну жолдарын ұсынамыз

Кеңес алу үшін ҚҰБ-тың байланыс орталығына 1477 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button