Fake News

Фейк: «Вакциналар СПИД тудырады, оларда вирустардың өлімге әкелетін дозасы болады, сондай-ақ анафилактикалық шокқа әкеледі»

Қазнетте вакцинацияның үш кезеңі адамдардың денсаулығына зиян келтіру немесе оларды өлтіру үшін қажет деген пікір тарады. Теория авторларының айтуынша, вакцинаның бірінші дозасы СПИД тудырады, екіншісі оны тірі вирустың өлімге әкелетін мөлшерін жұқтырады, ал үшіншісі анафилактикалық шок тудырады. Бұл өтірік.


Біріншіден, COVID-19 вакциналарында АИТВ вирусы бар деген теория жалған және оны тек вакцинацияға қарсыластар қолдайды.

Фейк: «КВИ вакциналары АИТВ жұқтырады және оның құрамында бақылау құрылғылары мен люцифераза бар»

Олар өз сөздеріне ешқандай дәлел келтірмейді.
COVID-19 қарсы вакциналарды америкалық фаткчекерлер бұған дейін жоққа шығарған. 

немесе басқа тірі патогендер тірі вирусы жоқ. Елімізде аденовирустық векторларға, мРНҚ-ға және белсенді емес, яғни көбеймейтін, ағзаға ауру жұқтыра алмайтын вирустарға негізделген препараттар қолданылады. Бұған вакциналардың құрамымен танысу арқылы көз жеткізуге болады:

Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.

Үшіншіден, таратылған теория өзіне-өзі қайшы келеді. Егер екінші доза алғанда адам вирустың өлімге әкелетін дозасымен егіліп, қайтыс болса, онда адамдарға үдеткіш, үшінші дозаның не үшін ұсынылатыны түсініксіз. Ал енді, вакцинациядан кейін анафилактикалық шоктың пайда болу ықтималдығын қарастырып көрейік. Анафилактикалық шок – аллергиялық реакцияның өте ауыр дәрежесі. Ол вакцина алудан ғана емес, кез келген аллергеннің әсерінен дами алады. Мысалы, тамақ аллергиясынан зардап шегетін адамдар балық, цитрус, жержаңғақ, сиыр сүті, тауық жұмыртқасы және басқа заттарды тұтынғаннан кейін анафилактикалық шокқа тап болуы мүмкін.
Анафилактикалық шок вакцинаның компоненттеріне шамадан тыс аллергиялық реакция тудыруы мүмкін, бірақ бұл құбылыс өте сирек болады. Вакцинация пункттерінің қызметкерлері мұндай реакция дамыған адамдарға алғашқы көмек көрсете біледі. 
Сондай-ақ, егер адам вакцинаның бірінші компонентін алған кезде анафилактикалық шок болса, онда екінші компонент пен үдеткіш дозаны алуға болмайтынын атап өткеніміз жөн. 
Демек, хабарламада жазылған тезистер дұрыс емес. COVID-19 қарсы вакциналар СПИД тудырмайды, олардың құрамында тірі вирустар жоқ, ал анафилактикалық шок – аллергиясы бар адамдарда болатын өте сирек реакция. Анафилактикалық шок вакцина алуға қарсы көрсетілім болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button