Қазақстандықтарға жалған полицейлер бейнеқоңырау соғуда
Соңғы күндері WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтарға полиция қызметкерлері бейнеқоңырау соғып жүр. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, алаяқтар азаматтардың ақшасын иемденбек.
Polisia.kz сайты ел тұрғындарын интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертуде.
Жоғары технологиялардың дамуымен қарапайым азаматтарды алдау тәсілдері де өзгеруде. Алаяқтар нейрожелілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, полиция өңілі болып киінеді. Әрбір алаяқтың басты мақсаты – әңгімелесушіні ашуландырып, әбігерлікке салу.
«Егер құқық қорғау органдарының қызметкері болып біреулер қоңырау шалса, абыржып қалатының рас. Өйткені, олардың қойған сұрақтары, бір қарағанда, ақшаңызды иемдену ниетін білдірмейді. Кез келген адам қандай да бір қылмыстық қудалаудан қорқады. Бұл сізді ашуландырып, ақылға қонымды шешім қабылдай алмайтындай, сыни ойлау қабілетіңізді басатын психологиялық әдіс.
Алаяқтар ашық дереккөздерден алынған құжаттарын, ішкі телефон нөмірлерін, нақты қызметкерлердің аттарын, деректерін және фотосуреттерін ұсынады. Олар жосықсыз қызметкерлерін ұстау бойынша арнайы операцияларды жүргізуде көмек көрсетуіңізді сұрауы ммүкін. Бірақ түпкілікті нәтиже бір – олар несие алып, ақшаны шоттарына аударуды сұрайды. Бұл банктің жосықсыз қызметкерлерінің әрекеттерін бақылау үшін қажет екен. Алаяқтар нақты нұсқаулар береді.
Полиция қызметкерлері банктік шоттар мен жеке мәліметтерді нақтыламайды. Әсіресе қандай да бір арнайы операциялар барысында көмек сұрамайды», – дейді Жетісу облысының Полиция департаменті.
«Құрметті азаматтар! Егер сізге біреулер қоңырау шалып, өздерін ведомство қызметкерлері деп таныстырса, «иә» немесе «жоқ» деп жауап бермеңіздер, өйткені олар мұны кейіннен биометрика үшін қолданылуы мүмкін. Ешқандай деректерді айтпаңыздар және бірден телефон тұтқасын қойыңыздар. Естеріңізде болсын: егер ведомствол қызметкерлеріне қажет болсаңыз, олар ресми шақыру қағазын жібереді немесе жауап алу үшін жақын маңдағы полиция бөлімшесіне шақырады», – деді департаменттің ресми өкілі Меруерт Морякова.