Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналардың теріс тиімділігі бар»
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер COVID-19 қарсы вакциналардың теріс тиімділігі бар екендігі туралы ақпарат тарады. Яғни, вакцинацияланған адамдар әлі вакцина алмағандарға қарағанда ауру жұқтыруға әлдеқайда бйім. Бұл тұжырымның қайдан шыққанын және неге оған сенуге болмайтынын түсіндіріп өтейік.
Вакциналардың «теріс тиімділігі» туралы алғашқы хабарламалар Желінің ағылшын тілді сегментінде пайда болды. Оларды ұлыбританиялық қолданушылар вакциналарды бақылау жөніндегі апта сайынғы есептерге сүйене отырып, таратқан.
Атап айтқанда, 2022 жылдың бірінші аптасындағы есепте келтірілген кесте қолданылды. Онда вакцинация мәртебесіне байланысты әртүрлі жас топтары арасында COVID-19-бен сырқаттанушылық бойынша түзетілмеген деректер жинақталған.
Сонымен қатар, кестенің астындағы түсіндірмеде «егілген және егілмеген халық топтарының арасындағы осы көрсеткіштерді салыстыру COVID-19 қарсы вакциналардың тиімділігін бағалау үшін қолданыла алмайды» деп жазылған.
Сондай-ақ, баяндамада түзетілмеген деректері бар кестеде вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдар арасындағы COVID-19-ға тестілеудің әртүрлі деңгейлері сияқты факторлар ескерілмегені айтылған. Бірінші болып егілген адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін қарт адамдар екендігі де назардан тыс қалған. Мұнымен қоса, есепте вакцинацияланбаған және вакцинацияланған адамдар маска тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты карантиндік шектеулерге басқаша қарайтыны жазылған. Бұл адамдардың осы екі тобында ауру жұқтыру ықтималдығы әртүрлі болуына әкеледі.
Британдық Full Fact фактчегингтік порталы кестеде келтірілген деректерде вакцинацияланбаған адамдар арасында COVID-19 жұқтыру жағдайларының саны ескерілмей қалғанын атап өтті.
Бұған дейін біз вакцинаның тиімділігі қалай бағаланатыны туралы егжей-тегжейлі жазған болатынбыз. Оның үш негізгі тәсілі бар: ARR, RRR және NNV. Олардың барлығы әр түрлі жастағы вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдардың топтары мен әртүрлі ілеспе ауруларды қарапайым салыстырудан гөрі әлдеқайда күрделі және дәлірек.
Манипуляция: «The Lancet журналы КВИ қарсы вакциналардың тиімділігі небәрі 0,84% деп жазды»
Демек, вакциналардың теріс тиімділігі туралы хабарламалар дұрыс түсіндірілмеген мәліметтерге негізделген және шынайы емес.