Fake News
Jýsan Bank атынан таратылып жатқан сурет – фейк
Желіде қазақстандықтарды Jýsan Bank клиенті болуға шақыратын мем таратылуда. Jýsan Bank бұл мемнің шығуына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Бұл ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда теріске шығарылды.
«Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде және мессенджерледе Jýsan Bank атынан бейнесурет таратылуда. Біздің банктің бұл бейнені жасауға және таратуға қатыспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Біз кәсіптік этика мен бәсекелестікті бұзатын мұндай әрекеттерді қолдамаймыз», – делінген хабарламада.
Jýsan Bank-тің маркетингтен басқарушы директоры Қуат Домбай банк атынан мұндай жарнамаларды қолдамайтынын айтып, Kaspi Bank-ке сәттілік тіледі.
Еске салайық, бүгін, 28 қазанда, Kaspi Bank-те техникалық ақау орын алды.