Фейк: «Вакцинацияланған адамдар ультракүлгін сәуленің әсерінен жарқырайды»
Қазақстандықтар Instagram мессенджерінде COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғандар ультракүлгін сәуленің әсерінен жарқырайды деген қауесет таратуда. Бұл вакцинация деп адамдарға наноботтар егілетінінің белгісі, осылайша синтетикалық биологияның көмегімен олар киборгқа айналады екен. Шындығында, бұл фейк.
Дәлел ретінде хабарламаға 2024 жылғы 28 ақпанда bitchute.com сайтында шыққан видеоның үзіндісі тіркелген. Бұл портал қастандық теориялары мен вакцинация туралы жалған ақпарат таратады. Америкалық дәрігер Ана-Мария Михалча антиваксер журналист Мария Зиге наноботтар туралы айтқан. Тегі румын дәрігер зұлым күштерге сенеді және олар жасырын түрде планетадағы адамдарды жоймақ деп ойлайды. Сонымен қатар Михалча «Жарық медицинасы» кітабының авторы. Дәрігер биофизика, генетика, неврология және басқа ғылымдардың деректерімен жұмыс істеуге тырысқанымен, кітап эзотерикалық сипатта жазылған.
Сондай-ақ Михалча National American Renaissance Movement (Ұлттық америкалық жаңғыру қозғалысы) директорлар кеңесінің мүшесі. Бұл әлемдік үкіметпен күресуді мақсат еткен үкіметтік емес ұйым. Олардың пікірінше, бұл Дүниежүзілік экономикалық форум және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.
2023 жылдың қыркүйегінде Михалча өз блогында қызылша, паротит және қызамыққа қарсы вакцинаның зияны туралы мақала жариялады. Антиваксер екпелерде нанотехнологиялық элементтер бар деп санайды. Мысалы, наноботтар, кванттық нүктелер, өздігінен құрастырылатын гидрогельдер. Жоғарыда аталған элементтердің барлығы вакциналарда болатынына нақты дәлелдер жоқ. Румын фактчекері Veridica Михалчидің «зерттеулерінің» ғылыми негізі жоқ екенін хабарлады.
Сондай-ақ, румын физигі Кристиан Пресур HotNews порталына адам денесін микроскопиялық өлшемдегі жасанды құрылғылар неге басқара алмайтынын түсіндірді. Сарапшынің пікірінше, адам денесін «басқару» үшін микрочиптерді миға енгізу керек. Қазіргі уақытта ғалымдар адамның нейрондық құрылымы қалай жұмыс істейтінін әлі толық білмейді. Оның үстіне мида шамамен 100 млрд нейрон бар және олардың әрқайсысын жеке бақылау қажет болады.
Жарқыраған тышқандарға қатысты. 2014 жылы канадалық ғалымдар нанобөлшектерге негізделген алғашқы тері сынамасын жасады. Бұл диаметрі адам шашының енінен шамамен мың есе кіші бөлшектер. Ғалымдар тышқандардың терісін жарықтандырып, кеміргіштердің денесінде болатын нанобөлшектердің түріне қарай болатын өзгерістерді байқады. Айта кетейік, нанобөлшектер әртүрлі өнімдерде көп кездеседі, күннен қорғайтын кремнен бастап, тұрмыстық электроникаға дейін. Олардың кейбіреулері пайдалы. Мысалы, күміс нанобөлшектері бактерияларды өлтіреді, ал мырыш оксиді нанобөлшектері теріні ультракүлгін сәулелерден қорғайды. Әсерін өлшеудің күрделілігіне байланысты зерттеу нанобөлшектердің тышқандардың денесіне уыттылығын дәлелдеген жоқ. Адамдарға нанобөлшектер қаншалықты әсер ететіні әлі де белгісіз.
Вакциналарда наноботтар, кванттық нүктелер, өздігінен жиналатын гидрогельдер және басқа биологиялық синтетика болатынына нақты ғылыми дәлелдер жоқ. Иммундауға арналған препараттардың бәрінің нарыққа шығарылмай тұрып қауіпсіздіг тексеріледі.. Ана-Мария Михалчидің ультракүлгін сәуленің әсерінен вакцинацияланған адамдар жарқырайды деген теориясы негізсіз.