Fake News

Фейк: «АИТВ – бұл ойдан шығарылған ауру»

Танымал Telegram-чаттардың бірінде қазақстандықтар, АИТВ – бұл шын мәнінде жоқ ойдан шығарылған ауру екендігі туралы жазылған газеттегі мақаланың суретін таратуда. Мұндай пікірлер өтірік, сондай-ақ бұл АИТВ-оң адамдардың өліміне әкелуі мүмкін.

АИТВ-диссиденттілік – бұл АИТВ-ның барын, оның ЖҚТБ-ның дамуымен байланысын жоққа шығаратын және антиретровирустық терапияны қолдана отырып емделуден бас тартуды насихаттайтын ағым. Мұндай көзқарас қате және толықтай негізсіз.
ВИЧ-оң ең танымал медициналық қастандықтың жақтаушылары ЖҚТБ салдарынан жиі қайтыс болады. Мысалы, вирусты мойындамаған алғашқы адамдардың бірі Каспер Шмидт осындай жағдайға тап болды. Ол АИТВ туралы алғашқы сыни жарияланымын шығарғаннан кейін 10 жыл өткен соң ЖҚТБ-дан көз жұмды. 
1990-шы жылдары АҚШ-та АИТВ-ға қатысты жалған ақпараттың негізгі таратушыларының бірі болған Continuum журналы шығатын. 2001 жылы басылым жарияланбайтынболды. Осы уақыт ішінде оны 4 редактор басқарды. Олардың барлығында ВИЧ-оң болды және АРВ-терапиядан өтуден бас тартқан, нәтижесінде ЖҚТБ-дан қайтыс болды. 
Осыған қарамастан, журнал беттерінде алғаш рет айтылған көптеген идеялар бүгінгі күнге дейін таралып келеді.
Қазіргі кезде ғылыми қоғамдастықта адамның иммун тапшылығы вирусының бар екендігі және емделмеген кезде оның ЖҚТБ тудыратынына ешқандай күмән жоқ. Бұл вирус Кох постулаттарына сәйкес оқшауланған және оның заманауи жабдықтармен түсірілген суреттері олардың түпнұсқалығына шүбә келтірмейді.
Сондай-ақ, АИТВ – ойдан шығарылған ауру деген теория да мағынасыз екенін айта кеткеніміз жөн. Себебі, әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда АИТВ-оң шыққан адамдар мемлекет есебінен ем алады. Бұл ретте науқастарға қажет ем-дом, тексерулер мен талдаулар құны өте жоғары. Демек, ел үкіметтеріне мемлекеттік ақшаға азаматтарды емдеу үшін жоқ ауруды ойлап табу мағынасыз.

Қазақстанда барлық қалаларда ЖҚТБ орталықтары жұмыс істейді, онда өзіңіздің АИТВ статусыңызды біліп, мамандардан кеңес алуға болады. Олардың ең ірілері Алматы мен Нұр-Сұлтанда орналасқан.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button