Fake News

Фейк: «Covid-19-ға қарсы вакцинацияланған аналардан мутант бала туады»

Қазақстандықтар Instagram-да қорқынышты ақпарат таратуда. COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған аналардан дамуында ауытқуы бар бала туады екен. Ақпаратта құйрығы мен бір көзі бар сәбилер туралы айтылады. Шын мәнінде бұл ескі фейк. 

Түрік әл-ауқат партиясының төрағасы Фатих Эрбакан 2021 жылы ауытқуы бар сәбилердің қорқынышты суреттерін ұсынды. Ол суреттерде көрсетілген барлық балалар, соның ішінде құйрығы бар бала – жүктілік кезінде COVID-19 қарсы вакцина алған аналардан туған деп мәлімдеді.

Саясаткерді бірден әшкереледі. Ол көрсеткен суреттердің COVID-19 қарсы вакциналарға ешқандай қатысы жоқ екені белгілі болды, ал кейбіреулері графикалық реакторларда жасалған. Құйрығы бар сәбидің суреті – фотограф Саймон Стоунның 2009 жылы жасаған жұмысы. Түпнұсқа суретте құйрығы жоқ нәресте бейнеленген, автор суретте оған құйрық салып берген.

Денесін түк басқан баланың екінші суреттің де COVID-19 пандемиясына немесе вакциналарға қатысы жоқ. Суреттегі нәрестеде гипертрихоз немесе қасқыр синдромы бар. Бұл адам денесінің кез келген жерінде шаштың шамадан тыс өсуімен сипатталатын жағдай. Гипертрихоз туралы адамзат кем дегенде XVI ғасырдан бері біледі, яғни оның пайда болуына қандай да бір вакциналар себеп болмаған.

Фатих Эрбакан көрсеткен үшінші суретте 2016 жылдың маусымында дүниеге келген сиам егіздері бейнеленген. Олардың туылуы сирек кездеседі. Бұған екі себеп бар. Біріншіден, егіздердің жынысы әртүрлі, екіншіден, олардың ішкі органдарының көбі ортақ болған.

Мұндай ауыр патологиясы бар нәрестелердің туу себептері туралы көпшілікке хабарланған жоқ, бірақ балалардың ата-анасының COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбағаны белгілі, өйткені 2016 жылы мұндай вакциналар болған жоқ.

Демек, түрік саясаткері көрсеткен суреттердің ешқайсысы COVID-19 қарсы вакциналар патологиясы бар балалардың туылуына әкелетінін дәлелдемейді. Сонымен қатар, бұл суреттердің вакциналарға қатысы жоқ, топтама ашық манипуляция және адамдарды шатастыру әрекеті болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button