Fake News

Halyk Bank атынан әрекет еткен алаяқтар сауалнамадан өтіп, төлем алуды ұсынады

Instagram әлеуметтік желісінде тараған жарнамалық хабарламада Halyk Bank сауалнамадан өткеннің бәріне 350 мың теңге төлеуге міндеттелді делінген. Бұл алаяқтардың ісі.

Бұл хабарламаның Halyk Bank-ке ешқандай қатысы жоқ. Жарнаманы пайдаланушылардың жеке деректеріне қол жеткізбек болған киберқылмыскерлер орналастырған.

Halyk Bank-тің ресми сайтында және Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында 350 мың теңге мөлшерінде төлем қарастырылған сауалнама жүргізу туралы ақпарат жоқ.

Halyk Bank сайтында интернетте, телефон арқылы және төлем жасаған кезде алаяқтардан қорғану бойынша толық нұсқаулық бар.

Сауалнамаларға қатысқаныңыз, лайк басқаныңыз немесе пікір жазғаныңыз үшін көп ақша ұсынатын жарнамаларға сенбеңіз және сақ болыңыз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button