Фейк: «Қазақстандықтарға 144 мың теңгеден басталатын өтемақы төленуге тиіс»
Instagram-да Қазақстан тұрғындарына өтемақы төленетіні туралы фейк жарнама тағы да таралуда. Қаржы министрлігі халыққа көмек көрсету бағдарламасын іске қосты, енді әрбір ҚР тұрғынына 144 мың теңгеден басталатын біржолғы төлем төленеді екен. Бұл жалған.
Желіде төлемдер туралы жалған хабарламалар жиі жарияланады. Олардың барлығы бір алаяқтық схема бойынша құрылады: ақша берілетіні айтылып, жалған сайтқа кіріп, тексеру үшін жеке деректерді жазу ұсынылады.
Егер төлемдер шынымен төленетін болса, бұл туралы ақпарат мемлекеттік органдардың ресми порталдарында орналастырылатын еді. Бұл жағдайда киберқылмыскерлер ҚР Қаржы министрлігінің атын жамылып отыр. Ведомствоның ресми сайтында өтемақы туралы ақпарат жоқ. Қаржы министрлігінің Facebook және Instagram-дағы ресми парақшаларында 144 мың теңгеден басталатын төлемдер туралы жаңалық шықпаған.
Күмәнді сілтемелер арқылы өтіп, деректеріңізді белгісіз сайттарда қалдырмаңыздар. Осылайша, ақшаңыздан айырылуыңыз мүмкін.
Бұған дейін біз ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан осындай жалған төлемдер төленетіні туралы жазған болатынбыз.