Fake News
Фейк: «Қызыл мандариндерде «мутацияланған қан» бар»
«Мутацияланған қан» қосылған мандариндер туралы ескі фейк WhatsApp-та тағы таратылуда. Ол Қазнетте 2020 жылдан бері бар.
Шын мәнінде, фотосуретте қызыл немесе «қанды» апельсин көрсетілген. Құрамында біреудің қаны болғандықтан емес, ерекше түсіне байланысты бұл жеміс осылай аталып кеткен. Мұндай түс құрамындағы антоцианиндердің әсерінен болады – бұл қызыл, күлгін және көк жемістері, гүлдері немесе жапырақтары бар өсімдіктерде кездесетін түрлі-түсті өсімдік глюкозидтері.
Басқа цитрус жемістері сияқты қызыл апельсиндер де С, А дәрумендеріне, темір мен кальцийге бай. Олар мүлдем қауіпсіз және оны кәдімгі апельсиндер сияқты жеуге болады. Бұл жемістер десерт, сусындар және ыстық тағамдар дайындау үшін қолданылады.