Fake News

Фейк: «Қазақстанда балаларды вакцинациялауды ауылдық округтерден бастайды»

Қазнет қолданушылары елімізде балаларды КВИа қарсы вакцинациялауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама таратуда. Ауыл тұрғындары иммундауға арналған препараттар мен олардың жанама әсерлері туралы ештеңе білмейді, сондықтан осындай шешім қабылданған екен. Бұл мәлімдеме жалған.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұндай вакцинациялау жоспарлары туралы ақпаратты жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанға әкелінбеген. Балаларды вакцинациялау жоспары да жоқ. Балаларды вакцинациялау ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі боа ғана жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды, – деп хабарлады ведомстводан.

Қазақстандықтар балаларды COVID-19 қарсы вакцинациялауға байланысты фейктерді бұған дейін де таратқан. Олар вакциналарды балаларға мектеп асханаларында сүт өнімдеріне қосып, береді деп жазған болатын. Кейіннен балаларға препаратты мұрынға арналған спрей түрінде егетіні, сондай-ақ иммундауға арналған препараттарды манту сынамасы түрінде салатыны жайлы фейктер таратқан. Бұл ретте жалған ақпараттың авторлары ата-аналарды балаларды вакцинациялаудан бас тартқаны үшін психиатриялық клиникаларға жатқызады деп қорқытқан.

Фейк: «Ата-аналар балаларды вакцинациялаудан бас тартқаны үшін психиатриялық клиникаларға жатқызылады»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button