Фейк: «Вакцинациядан кейін балалар трансгендерге айналады»
Әлеуметтік желілерде вакциналардың құрамындағы химиялық заттар балаларды трансгендерге айналдыратыны туралы ақпарат тарады. Бұл екпелерде болатын түсік тастаған адам эмбриондарының жасушаларына байланысты болады екен. Бұл өтірік.
Дәлел ретінде ақпаратта доктор Бен Таппермен хат алмасу көрсетілген. Оның айтуынша, «вакциналардағы ұрықтың түсік тастаған бөліктері дамып келе жатқан жүйке жүйесіне эпигенетикалық әсер етеді». Бен Таппер дәрігер де емес. Ол хиропрактик. Бұл баламалы медицинаның бір түрі, адам тірек-қимыл жүйесінің проблемаларын омыртқаны қозғалту арқылы емдейді.
Таппер мануальді терапия арқылы көп ақша табады, оның ресми медицинаға ешқандай қатысы жоқ және болған емес. Демек, оның вакцина жасауда тәжірибесі жоқ.
2021 жылы Цифрлық жеккөрушілікке қарсы іс-қимыл орталығы (CCDH) «Он екі жалған ақпарат» атты есеп шығарды. Ведомство COVID-19 туралы жалған ақпаратты белсенді таратқан 12 адамды атады. Олардың ішінде Таппер де бар. Оның мәлімдеуінше, пандемия үкіметтер үшін «тирания» арқылы халықты бақылауға сылтау болып табылады.
Зерттеулердің көбі Таппердің сөздерін жоққа шығарады. Вакцина ДНҚ-ға әсер етпейді. Оның міндеті – иммундық жүйені белсендіру. Сонымен қатар, гомосексуализмге жауап беретін бірде-бір ген жоқ. Бұл туралы 2019 жылы Science журналында жарияланған деректерді терең талдауда да айтылған.
Ғалымдар 470 мыңнан астам Ұлыбритания мен АҚШ тұрғындарының геномын сканерледі.
Оның нәтижелері бойынша Калифорния университеті генетика институтының құрметті профессоры Дэвид Кертис мынадай нақты қорытынды жасады:
«Бұл зерттеу «гейлер гені» деген ұғым жоқ екенін анық көрсетеді».
Егулерде ұрық жасушаларының ДНҚ болуына вакциналар бойынша сарапшы және Филадельфия балалар ауруханасының педиатры Пол Оффит түсіндірді. Ұрық жасушалары 1960 жылдары түсік тастаған екі ұрықтан алынған. Олар жалпы инфекцияларға, соның ішінде желшешек пен қызамыққа қарсы вакциналар жасау үшін қолданылған. Бірақ оларда ДНҚ-ның толық тізбегі жоқ, сондай-ақ олар пикограммалармен өлшенеді. Бұл грамның триллионнан бір бөлігі. Ғалымның айтуынша, егер олар тұтас тізбек болса да, бөтен ДНҚ реципиент жасушаларының ядросына ене алмас еді. Бұл жағдайда өсірілген вирус көпшілікке таныстырылмас бұрын тазартылады және өңделеді.
COVID-19 қарсы вакцинация аурудың ауыр түрлерінің алдын алуға көмектеседі және жедел жәрдем бөлмесіне жүгіну немесе ауруханаға жатқызу қаупін азайтады. Вакцинация иммунитетті дамытуға көмектеседі, оның құрамында ДНҚ жоқ. Сонымен қатар, ғалымдар біртұтас «гей гені» жоқ деп нақты мәлімдеді. Демек, балаларды трансгендер ету үшін вакциналарға бірдеңе қосудың қажеті жоқ. Таралған ақпарат – фейк.