Fake News

Фейк: «Перуде өзгеғаламшарлықтардың сүйегі табылды»

Telegram-да пайдаланушылар Паракас түбегінен табылған ұзын бас сүйектер  туралы жазды. ДНҚ талдауының нәтижесі олардың адамдардікі емес, өзгеғаламшарлықтардікі екенін көрсеткен екен. Бұл жалған.

 

Ұзын бас сүйектер ХХ ғасырдың ортасынан бастап әлемнің әртүрлі бөліктерінде табылуда. Мысалы, 1960 жылы бірнеше ол Баварияда табылған. 

Өзгеғаламшарлықтар туралы ақпаратқа тіркелген фотосуреттерде Перуде Паракас түбегінде табылғандары көрсетілген. Ғалымдардың айтуынша, бұл адамның сүйектері.  Бұған күмән жоқ. Олардың ерекше формасын ежелгі мәдениеттерде бас сүйегін деформациялаумен түсіндіруге болады. Мұндай тәжірибе әлемнің әртүрлі бөліктерінде қолданылған, сондай-ақ оның рухани және практикалық маңызы болған. Кейбір мәдениеттерде бас сүйегінің деформациясы жанды денемен «байланыстырады» деп сенген, ал басқалары бас сүйек арқылы өзге рулар мен бейтаныс адамдарды таныған. Бас сүйегін деформациялаудың бірнеше жолы болған. Атап айтқанда, бас сүйегін ұзарту үшін балаларға өткір бұрышпен бекітілген екі тақтадан тұратын арнайы құрылғы қойылған. Жаңа туған нәрестелерді осылай жиналған тақталардың арасына салып, байлаған. Бас сүйектерін әртүрлі формаларға келтіру үшін деформациялаудың басқа да әдістері болды. 

History ғылыми-зерттеу арнасы тұтас бір эпизодты бас сүйегінің деформациясы мен осы сүйектердің ДНҚ талдау тақырыбына арнаған. Оны желіден көруіңізге болады.

 

Бас сүйектерінің алыс галактикалардан келген өзгеғаламшарлықтарға емес, адамдарға тиесілі екенін фактчекерлер де растайды. Бұл туралы Snopes, USAToday және INDIAToday сияқты порталдар жазды. (

Демек, өзгеғаламшарлықтардың табылған бас сүйектері туралы ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button