Fake News

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қарағандыда жаңа вирустың таралуы туралы қауесетке қатысты пікір білдірді

Қазнетте Қарағандыда жұмысшылар белгісіз вирусқа шалдығып жатқаны туралы видео таралды. 15 адамның екеуі жазылған, тағы бесеуі ауырып жатыр екен. Роликтің авторы пайдаланушылардан жақында суық тиіп ауырған немесе соған ұқсас дертке шалдыққандар бар ма деп сұрайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағында вирустық инфекциялармен сырқаттанушылық тіркеліп отырған жоқ. Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ЖРВИ, COVID-19 және вирустар тудыратын басқа да инфекциялардың таралуына күнделікті мониторинг жүргізеді.

Вирустық инфекциялардың таралуының негізгі жолдары – ауа-тамшы және контактілі-тұрмыстық, бұл оларды жоғары жұқпалы етеді. Жіті респираторлық вирустық инфекциялардың айналымы жыл бойы байқалады. Жаз мезгілінде ауру салқын сусындар ішу, балмұздақ жеу, кондиционердің жанында ұзақ отыру және т.б. байланысты болады. Иммунитет әлсіреп, созылмалы аурулар болған жағдайда бұл риновирустар мен аденовирустар сияқты вирустық ауруларды тудырады.

Сонымен қатар, жазда вирус тудыратын серозды менингит таралады. Сондықтан ашық су айдындарында шомылудан аулақ болу керек, көкөніс пен жемісті мұқият жуып, жеке гигиенаны сақтау, тек қайнатылған немесе тазартылған су ішу қажет», – делінген ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.

Ведомство халыққа ыстықта суық тигізіп алмауға кеңес береді. Жөтел және температура сияқты аурудың алғашқы белгілерінде өз бетіңізше емделмеңіз, адам көп жиналатын жерлерге бармаңыздар және дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button