Fake News

ҚР ІІМ балаларды кәмпит беріп, алдап алып кететін ер адамдар туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

WhatsApp-та, белгісіз біреулер ұлын ұрламақ болғанын айтқан әйелдің аудио хабарламасы тарады. 


Бетперде таққан адам балаға кәмпит ұсынып, оны ішінде бірнеше кісісі бар қара көлікке отыруға шақырған екен.

Хабарламада әйел ұлының қаскүнемдерден қашып үлгергенін айтады, дегенмен ол полицияға барып, оқиғаның мән-жайын хабарламақ.
ҚР ІІМ бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Олардың хабарлауынша, ақпарат тексерілді және расталған жоқ.
– Полицияға мұндай арыздар түскен жоқ, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ хабарламада әйел балаларды осылай алдайтын топ барын айтады. Алайда тәртіп сақшыларына педофилдер тобы туралы да хабарланған жоқ. Аулаларды аралап, балаларды ұрлайтын ер адамдар тобы туралы ақпарат та – ескі фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button