Fake News

Фейк: «Ақ үй негізінен егілген адамдар өлетінін мойындады»

Әлеуметтік желілерде COVID-19-ға ден қою жөніндегі үйлестіруші Ашиш Джаның сөзінен алынған үзінді тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, ол вакцинацияланған адамдардың көбі қайтыс болады деп көпшілік алдында мойындаған. Бұл олай емес.

Ашиш Джаның тараған сөзінің астынан оның былай деп айтқаны жазылған: «Өлім-жітімнің көбі вакциналарын білмейтін адамдар арасында болады». Бұл аударма мүлдем дұрыс емес және айтылған сөздің мағынасы толығымен бұрмаланған.
Ашиш Джаның баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзі Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған. Онда Джа былай деген екен:
«Біздің қазіргі вакциналарымыз аурудың ауыр түріне, ауруханаға жатқызуға және өлімге қарсы сенімді қорғанысты қамтамасыз етуді жалғастыруда. Уақыт өте келе бұл қорғаныс әлсірейтіндіктен, ревакцинациядан өтіп, оны сақтау өте маңызды. Өлімнің басым бөлігі вакциналарын жаңартпаған адамдар арасында болады. Қайталап айтамын: өлім-жітімнің көбі вакциналарын жаңартпаған адамдар арасында болады. Бұл адамдардың барып, екпе салдыруы өте маңызды».
АҚШ-та сырқаттанушылық пен өлімнің ресми статистикасы вакцинацияланған адамдардың көбі өледі деген теорияны растамайды. 2022 жылдың қаңтарында омикрон нұсқасы шығып, кеңінен таралғаннан кейін АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жариялаған зерттеу нәтижелері вакцинация мен ревакцинациядан өткен адамдарда COVID-19 жұқтыру ықтималдығы егілмегендерге қарағанда бес есе төмен екенін дәлелдеді.
Демек, Ақ үй вакцинацияланған адамдардың жаппай өлімін мойындады деген ақпарат – ффейк. Ашиш Джа өз сөзінде мұндай ештеңе айтпаған. Өлім-жітім мен сырқаттанушылық статистикасы да бұл мәлімдемелерді жоққа шығарады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button