Fake News

Алаяқтар жалған брокерлер ұрлаған ақшаны қайтарып береміз дейді

Қазнетте алаяқ брокерлер иемденіп кеткен ақшаны қайтаруға болатыны туралы жарнама тарады. Ол үшін 48 сағат уақыт қажет екен. Бұл фейк.

Адамдарды тарту үшін алаяқтар жалған фотосуретті пайдаланған. Онда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш бейнеленген және «Интерполмен ынтымақтастықтың нәтижесінде алаяқ брокерлер ұсталды» деп жазылған. Шындығында, бұл фотосурет ҚР Президентінің ресми сайтынан алынған. Ол 2019 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте түсірілген. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның 74-ші сессиясында Антонио Гутерришпен кездесіп, Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының одан әрі практикалық өзара іс-қимылының перспективаларын талқылаған.

Жарнамада алаяқтар өтінімді толтырып, маманның қоңырауын күтуіңізді сұрайды. Белгісіз сайттарда жеке деректеріңізді қалдырмаған жөн. Осылайша, сіз өзіңіз жайлы ақпаратты қалдырасыз, ал алаяқтар оны өз мақсатында пайдалануы мүмкін.

Бұған дейін біз сайтымызда белгілі қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың атынан тараған осындай ақпаратты теріске шығарған болатынбыз. Мұнда да алаяқтар жалған брокерлерден зардап шеккендерге ақшаны тез қайтарып береміз деп айтқан.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button