Фейк: «Дәрігерлер белдемшелік теміреткіні маймыл шешегі деп атайды»
Instagram-да тараған видеода неміс дәрігері белдемшелік теміреткіні дәрігерлер маймыл шешегі деп атайтынын айтады. Бұл COVID-19 қарсы вакцинаның ең көп таралған жанама әсерлерінің бірі екен. Бұл жалған.
Видеода неміс пульмонологы Вольфганг Водарг 2022 жылдың маусымында Auf1-ге сұхбат берген. Австриялық Auf1 арнасы қастандық теориясын насихаттайды және жалған ақпарат таратады.
Лойола және Андалусия университеті 2022 жылы желіде шыққан маймыл шешегі туралы жалған ақпаратты талдаған. Олардың мәліметтері бойынша, «маймыл шешегі COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсері деген мистификация ең көп таралған, сондай-ақ бұл ауру белдемшелік теміреткі дейтіндер бар, бұл оны диагностикалау мен емдеуді қиындатады».
Барселонадағы Сан-Жоан-де-Деу ауруханасының мамандары маймыл шешегі мен COVID-19 тудырған коронавирустың маңызды айырмашылықтарын атады. Ковид ауа-тамшы жолы, тығыз байланыс жасаған кезде маймыл шешегі дене сұйықтықтары арқылы таралады. SARS-COV-2 коронавирусы – бұл тез дамитын РНҚ вирусы. Оның нұсқалары вакциналардан және инфекциядан қалыптасқан иммунитетті үнемі болдырмайды. Ал Mpox вирусы салыстырмалы түрде үлкен ДНҚ вирусы болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Тарик Ясаревич Мpox жағдайында ДДҰ жаппай вакцинациялауды ұсынбайтынын айтты. Бұл ретте ол қауіпті аймақтардағы адамдардың үлкен топтарын вакцинациялауға кеңес береді. Маскаларды қолдану да қажет емес.
Белдемшелік теміреткі – бұл ұйықтап жатқан желшешек вирусын қайта белсендіру. Аурудың негізгі белгілерінің бірі – теріге ауыратын көпіршіктері бар бөртпенің шығуы. Белдемшелік теміреткінің тағы бір атауы – белдемшелік герпес.
COVID-19 ауруы белдемшелік теміреткінің асқынуына әкелуі мүмкін бе? Иә, мұндай жағдайлар болды. Бұл коронавирустық инфекциядан кейін иммунитеттің төмендеуіне байланысты болады. Бұл ұйықтап жатқан желшешек вирусын оятып, белдемшелік теміреткінің пайда болуына септігін тигізеді. 2022 жылдың наурызында жарияланған үлкен зерттеуде коронавирустық инфекциямен ауырмаған 50 жастан асқан адамдарда COVID-19 жұқтырған сол жастағы адамдармен салыстырғанда, белдемшелік теміреткінің даму қаупі 15% жоғары екені анықталған. Бұл ретте ғалымдар COVID-19 бәрінде бірдей белдемшелік теміреткінің даму қаупін арттырады деп сеніммен айта алмайды. Тәуекел топқа егде жастағы және иммундық жүйеге әсер ететін аурулары бар адамдар жатады.
COVID-19 қарсы вакцина өздігінен белдемшелік теміреткі тудырмайды. Коронавирустық инфекцияға қарсы екпеден кейін адамдарда осы ауру шыққан жағдайлар болды. Бірақ бұл пациенттердің барлығының иммундық жүйесі төмен болған.
Mpox (маймыл шешегі) және желшешек вирусы – вирустардың әртүрлі топтары. Олардың белгілері (бөртпе, безгек, лимфа түйіндерінің ісінуі) бірдей болып көрінгенімен, айырмашылықтары бар. Бұл мамандарға ауруды сыртқы түрі мен белгілері бойынша ажыратуға мүмкіндік береді. Вольфганг Водарг маймыл шешегі COVID-19 қарсы вакцинадан кейінгі жанама әсер деп адамдарға жалған ақпарат ұсынуда.