Fake News

Қарағанды облысында ерекше табиғи құбылысты кейбр тұрғындар коронавирус шашыратуы деп қабылданды

 

Әлеуметтік желілерде құбыр түрінде ерекше пішінді бұлттар түсірілген бейне таратылды. Кейбір пайдаланушылар осылайша біреулер вирусты тұрғын үйлердің үстінен шашыратуда деп пайымдаған. Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бірден бірнеше қазақстандық пабликтерде Қарағанды облысының тұрғындарын үрейлендіретін бейне пайда болды. Ол Жәйрем ауылында түсірілген. Бейнеде өз осінің айналасында айналатын құбырларға ұқсас ерекше пішінді бұлттарды байқауға болады.

Жазбадағы түсініктемелерде кейбір пайдаланушылар бұл «белгісіз адамдар вирус шашып жатыр» деп жазады. Басқалары, керісінше, «бұл коронавируспен күресетін белгісіз зат» деп өз пікірлерін білдірді.

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі бұл “таңғы глория” деп аталатын ерекше табиғи құбылыс екенін және ол адам қолымен жасалмайтынын мәлімдеді.

«Бүгін Жәйрем кентінің аспанында осындай бұлттарды көрген боларсыздар. Бұл төтенше жағдай емес, аталған құбылыс жөнінде Қазгидромет мамандары түсініктеме берді.
Таңғы глория-бұл сирек кездесетін метеорологиялық құбылыс, ол көлденең бұралған бұлттар түрінде көрінеді.
Бұлттар биіктігі 1-ден 2 км-ге дейінгі найзағайлы жиекті құрап, көбінесе жерден 100-200 метр биіктікте (бірақ әдетте жоғары) орналасады. Оның ұзындығы 1000 км-ге дейін жетіп, сағатына 60 км жылдамдықпен қозғалады. “Таңғы глория” көбіне қатты желмен және жер бетіндегі қысымның өзгеруімен сипатталады. Бұлттың алдында ауаны жоғары жылжытатын және бұлтқа белгілі бір пішінді беретін жылдам вертикальді қозғалыс пайда болады. Көбіне бұл құбылыс найзағай басталғанға дейін пайда болады», – деп жазды Facebook-тегі өз парақшасында Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button