Алаяқтар Қазақстанның оқу-ағарту министрінің атынан хабарлама таратуда
WhatsApp және Telegram қосымшаларында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан хабарламалар таратылуда. Шын мәнінде, бұл жалған аккаунттар, олармен байланыс орнатып, ұсынылған сілтемелер бойынша өтпеңіздер.
ҚР Оқу-ағарту министрінің баспасөз қызметі бұл хабарламаларға қатысты түсініктеме берді.
«Соңғы күндері WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде оқу-ағарту министрінің атынан түрлі хабарламалар таратылуда. Бұл жалған ақпарат! Оны интернет-алаяқтар таратып отыр.
Өкінішке орай, алаяқтық схемалар жетілдірілуде және онымен әр адам бетпе-бет келуі мүмкін. Сондықтан сақтық танытып, жеке хат жазысу мен телефон қоңырауларын қабылдауда қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінеміз.
Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз», – деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.