Fake News

Фейк: «Ай адамзатты басқару үшін қолдан жасалған»

Қазнетте Дэвид Айктың теориясы талқылануда. Оның пікірінше, Ай – Сатурн трансляциясын қабылдайтын және күшейткіш қызметін атқарып, оны жерге бағыттайтын белгілі бір технологиялық құрылым. Бұл жағдайда сыртқы құдайлар адамдарды басқарады. Шындығында бұған ешқандай дәлел жоқ.

Жарияланымда Дэвид Айк ғалым деп жазылған. Бірақ бұл жалған. Ол бұрын футболист, спорттық тележүргізуші болған. 15 жасында «Ковентри Сити» жастар командасында ойнай бастап, мектепті тастап кетеді. 21 жасында ревматоидты артритке байланысты Айк футболист мансабын тоқтатуға мәжбүр болады. Осылайша ол журналистикаға бет бұрады.

Бүгінгі таңда Дэвид Айк конспирологиялық  теорияларды белсенді жақтаушы ретінде белгілі. Ол өз ойымен пікірлес адамдармен кездесулерде ғана бөліспейді.  Айк табысты жазушы. 1999 жылы ол «ең үлкен құпия» кітабын шығарады, онда көрнекті адамдардың шығу тегі туралы жазған. Оның пікірінше, олардың барлығы ануннактар – Айдаһар шоқжұлдызындағы рептилиялар нәсілінен шыққан.

Ол 2010 жылы Ай туралы «Адамзат баласы, оян: Арыстан ұйқысынан тұрды» атты кітабын шығарды. Айк Жер мен адамның ұжымдық ақыл-ойы Айдан басқарылатынына сенімді. Ал аспан денесін өзгеғаламшарлықтар жасайды. Айналада адамға қымтырмалайтын жалған шындық бар.

Дэвид Айк жаһандық жылыну мен ғылыми әдістерді де жоққа шығарады, бірақ балама медицинаны насихаттайды. Ал COVID-19 пандемиясы кезінде ол осы ауру туралы жалған хабарламалар тарата бастады. Атап айтқанда, ол коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды гендік терапия, мұның бәрі ДЭФ ұйымдастырған қастандық деп айтты. Осындай жалған ақпарат үшін Айктың әлеуметтік желілердегі аккаунттары бұғатталды.

2022 жылдың қарашасында жазушыға Нидерландқа кіруге тыйым салынды. Ел үкіметі мұны конспиролог қоғамдық тәртіпке қауіп төндіруде деп түсіндірді.

Видеода Дэвид Айк Барбара Марчиняктың «Жер. Тірі кітапханаға плеяден кілті» атты еітабы туралы айтады. Жазушы да Ай басқа әлемнің тіршілік иелері жасаған суперкомпьютер деп санайды. Айк Марчиняктың кітабын оқымағанын, бірақ оны қарап шығып, оның өзіне жақын екенін түсінгенін айтады.

Айкта да, Марчинякта да Айдың қолдан жасалғанына ешқандай дәлел жоқ. Мұның бәрі қиялдың жемісі. Дэвид Айк өзін қастандық теорияларын белсенді жақтаушы ретінде көрсетті, сондықтан оның мәлімдемелеріне сенбеген жөн.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button