Fake News

Фейк: «Алматы саябағында ерекше жағдай орын алды»

Қазнет пайдаланушылары Алматыдаң Тұңғыш Президент саябағында түсірілген бейнероликпен бөлісуде. Онда 10-11 қазанға қараған түні ағаштардың бір бөлігіне мұз қатқан, қалғаны өзгермегені көрсетілген. Пайдаланушылар мұны аномалия деп санайды.

 

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі ерекше құбылыстың себебін түсіндіріп өтті.

– Саябақтың қызмет көрсету ұйымының мәліметі бойынша, түнде суару жүйесі бұзылып, ағаштарға су шашыраған. Таңертең ауа райына байланысты ағаштарға мұз қатқан. Қазіргі кезде суару жүйесі қалпына келтірілді, – деп хабарлады ведомстводан.

Демек, видеода ерекше және тылсым жағдай көрсетілмеген. Мұның себебі – суару жүйесінің бұзылуына байланысты ағаштарға шашыраған су.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button