Fake News

«OLX арқылы төлеймін» – Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Олар белгілі жарнама сайтынан сатып алушылар ретінде банк карталарынан ақша ұрлайды.

Желі қолданушылары дабыл қағып, OLX.kz сайтында сатуға шығарылған тауарларды сатып алмақ болған адамдармен диалогтардың скриншоттарын жүктеуде.

Әдетте, алаяқтар сатушының барлық шарттарына келіседі, тауарды сапасын тексермей-ақ алуға, жеткізу шығындарын көтеруге, тіпті алдын ала төлем жасауға да дайын болады.

Зиянкестер ақшаны «OLX арқылы» аударатындарын айтады, содан кейін сатушыға түскен төлемді қабылдау үшін сілтеме жібереді.

Шын мәнінде, бұл сайтта ақша аударымдары жүйесі жоқ. Алаяқтар көшірме сайттың сілтемесін жібереді. Онда сатушы банктік картасының мәліметтерін енгізеді, ал алаяқтар оны көріп отырады. Осылайша, алаяқтар сатушының шотындағы ақшаның бәрін иемденіп алады.

OLX.kz сайтындағы жадынамада сатып алушылар жіберген SMS-хабарламалардағы немесе электрондық пошталардағы сілтемелерді ашпауға кеңес берілген. Сонымен қатар, сайт мамандары Western Union сияқты анонимді жүйелер арқылы ақша аудармауға және мекен жай жолағындағы сайттың ресми доменіне назар аудару қажет екендігін ескертеді. Сайттың ресми домені: https://www.olx.kz/

Бұл ретте тек өз қалаңызда ғана сатылатын тауарды алғаныңыз жөн. Сонда сатушымен кездесіп, тауарды қолма-қол ақшаға сатып ала аласыз.
 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button