Fake News

Фейк: «COVID-19 анықтайтын жедел тестілері – бұл өмірге қауіпті фальсификация»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде COVID-19 анықтайтын жедел тестінің екі қаптамасы бейнеленген фотосурет таратуда. Олардың бірінде «теріс бақылау», ал екіншісінде «оң бақылау» деп жазылған және биологиялық қауіптілік белгісі қойылған. Бұл тест нәтижелерінің «реттелгенінің», ал құрылғылардың өмір мен денсаулық үшін қауіпті екендігінің белгісі емес. Неге екенін түсіндіріп өтейік.


Суретте Abbot шығарған COVID-19 анықтайтын жедел тест қаптамасының құрамы көрсетілген. Бұл тест жүйесі пациенттердің үйде қолдануына емес, медицина қызметкерлеріне арналған. Суретте – бір адамға бір диагноз қою үшін қолдануға болатын бір тест жүйесі. Бұл екі түрлі тест емес.
Суретте көрсетілген қаптамаларға оң және теріс үлгілері бар стиктер кіреді. Бұдан бөлек, тест жүйесінде биоматериал алуға арналған стерильді стиктер, пайдаланылған стиктерді сақтауға арналған пластик контейнерлер және нәтижені анықтайтын кассеталар болады.
Жиынтықтағы оң және теріс үлгілер нәтижені тексеру үшін қажет. Олардың көмегімен мамандар тест-кассетаның қаншалықты дұрыс жұмыс істейтінін анықтайды.
Осыған ұқсас бақылау үлгілері басқа өндірушілердің де тест жиынтықтарында кездеседі. Бұл ретте нұсқаулықта тесттердің жаңа партиясы қолданылған жағдайда, немесе белгілі бір уақыт аралығында тест жүйелерінің сапасын бақылауды қажет ететін белгіленген ережелер болса, медициналық қызметкерлер бақылау үлгілерін қолдануы тиіс деп жазылған.
Тест-жүйелерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда биоматериал алу оң және теріс бақылау стиктерінің көмегімен жүргізіледі немесе оларды COVID-19 анықтау үшін пайдалану керек деп айтылмаған. Таратылатын фотосуретте көрсетілген тест-жүйеге арналған нұсқаулықта бақылау стиктерін пациенттерде пайдалануға тікелей тыйым салатын сурет те бар. 
Биологиялық қауіптілік белгісі жиынтықта уытты болып саналатын және қауіптіліктің II класына жататын 0,1%-дан кем натрий азидінің болуы туралы ескертеді. Дегенмен, көрсетілген концентрацияда ол денеге елеулі зиян келтіре алмайды және өлімге әкелмейді. Тестті қолдану жөніндегі нұсқаулықта осы заттың бар екендігі жазылған және ол теріге немесе шырышты қабыққа тиген жағдайда не істеу керектігі туралы ұсыныстар берілген. 
Демек, COVID-19 жедел тестілері алдын ала белгілі нәтижемен жасалады және өмірге қауіпті деген ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button