Фейк: «Вакцинадағы бөгде ДНҚ қан ағуға және тромбтардың қалыптасуына әкеледі»
Қазнетте мНРК-вакциналарға қосатын плазмидтік ДНҚ туралы жаңалық тарады. Соның салдарынан адамның тамырлары зақымдалып, барлық органдары қабынып, қан кетеді екен. Бұл өтірік.
Бұл туралы бұрынғы тай-неміс микробиологы Сучарит Бхакди өз видеосында айтады. Ол Майнц университетінде Медициналық микробиология және гигиена институтын басқарып, сабақ берген. 2020 жылы Бхакди өзінің YouTube арнасында COVID-19 туралы жалған ақпаратты белсенді тарата бастады. Оның айтуынша, пандемия мүлдем болмаған, ал вакцина адамзаттың басым бөлігін жоюдың бір амалы. Бхакдидің мәлімдемелерін фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарды. Олардың көпшілігі дәрігердің деректермен манипуляция жасап, өзінің псевдо ғылыми теорияларымен адамдарды шатастыратынын дәлелдеді.
Айта кетейік, Майнц университеті 2020 жылы профессордың COVID-19 туралы пікірімен келіспейтінін мәлімдеді.
Бхакди «Дәрігерлер COVID этикасы үшін» тобының негізін қалаушылардың бірі. Осы қоғамдастыққа қатысушылардың көптеген мәлімдемелеріне әлем бойынша фактчекерлер қарсы болды. 6 ғылыми-зерттеу институтын қамтыған Virality Project жобасы топты вакцинауралы жалған ақпарат тарататындар арасындағы рецидивист деп атады.
Видеода Сучарит Бхакди есімін атаған Кевин МакКернан «Дәрігерлер COVID этикасы үшін» тобына кіреді. Бұл екеуі COVID-19 қарсы вакцинация туралы талай рет теріс пікір айтқан. Фактчекерлер бұл талаптарды негізсіз деп атады. Бхакди өз мәлімдемелерін «Дәрігерлер COVID этикасы үшін» тобының басқа мүшелерімен бірге жиі жариялаған. Олар да жоққа шығарылды.
МРНҚ вакциналарының қауіпсіз екендігі бірнеше рет дәлелденді. Джонс Хопкинс университетінің сайтында медицина ғылымдарының докторы Лиза Марагакис пен Габор Келен Pfizer және Moderna екпелеріне оң бағасын берді.
Вакцинация ауру жұқтырудан панацея емес екенін ұмытпаңыздар. Егу аурудың ауыр белгілерін болдырмайды, кейде өмірді сақтап қалады.
COVID-19 қарсы алғашқы вакциналар 2021 жылы әзірленді. Бүгінгі таңда әлем бойынша адамдардың 70%-дан астамы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алған.
Вакцинация коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең тиімді әдісі болып қалады. Сучарит Бхакди мен оның пікірлестерінің пайымы негізсіз. Олардың сөздерін растайтын ғылыми дәлелдер жоқ.