Fake News

Әділет министрлігі жалған хабарламалар туралы ескертеді

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі азаматтардың назарын интернетте жалған ақпарат таратылып жатқанына аударады. Атап айтқанда, белгісіз біреулер жылжымайтын мүлікке тыйым салу және банктік шоттарға шектеулер қою туралы хабарламалар жіберуде.

Әділет министрлігі өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында алаяқтардан сақ болып, осындай хабарламалардың дұрыстығын қалай тексеруге болатынын түсіндірді.

«WhatsApp мессенджері және өзгеде әлеуметтік желілер арқылы ел азаматтарына алаяқтар мүліктерінің бұғатталғаны туралы жалған хабарлама таратуда. Сіздерге мұндай хабарлама келген жағдайда Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне кіріп жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы ақпаратты рас немесе жалғандығын тексеруді сұрайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының тізілімі мен байланыс деректерін сіз мына сілтемелерге өту арқылы тексеруге болады.

Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді танымайтын бөтен тұлғаға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді.

Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін министрліктің құқықтық ақпараттық қызметіне (8 7172) 58-00-58 нөмірі бойынша хабарласуға болады», – деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button