Дәлелсіз: «Кептірілген алма қатерлі ісіктен, қартайғандағы ақыл әлсіздігінен қорғайды және ақыл-ой қабілетін жақсартады»
Желіде пайдаланушылар кептірілген алма әртүрлі ауруларға қарсы панацея бола алады деген ақпаратпен бөлісуде. Кептірілген жеміс қатерлі ісіктердің дамуы мен таралуын тоқтатуға, қанды тазартуға және деменцияның алдын алуға септігін тигізеді екен. Бұл рас па? Анықтайық.
Кептірілген жемістердің пайдалы қасиеттерін дәстүрлі медицинаны жақтаушылар ғана емес, сонымен қатар әртүрлі елдердің ғалымдары да мойындаған. Зерттеушілер кептірілген жемістің ағзаның сауығуына әсер ете алатынын анықтау үшін бірнеше рет эксперимент жүргізді.
2018 жылы ғалымдар кептірілген алманың сау адамдардың когнитивті және метаболикалық функцияларына қалай әсер ететінін тексерді. Алма когнитивті функцияларға ешқандай әсер етпейтіні, тек инсулин реакциясының тиімділігін арттыратыны ғана анықталды.
2021 жылы эпидемиологтар балғын алманың әртүрлі қатерлі ісіктерге әсерін анықтамақ болдады. Олардың бағалауы бойынша жемістің профилактикалық әсері бар. Алайда, басқа факторлар ескерілмеді, атап айтқанда, ағзаның жалпы жағдайы, күнделікті тамақтану және т.б. сондықтан ғалымдар қосымша зерттеулер қажет деген қорытындыға келді. Кептірілген алмаға келетін болсақ, онымен ешкім тәжірибе жүргізген жоқ.
Journal of the Academy of Nutrition and Dietetics журналында жарияланған зерттеуде кептірілген алма холестерин мөлшерін төмендететіні айтылған. Бірақ ол үшін оны күнде жеу керек.
Негізінде, кептірілген алма, қалыпты мөлшерде тұтынған жағдайда өте пайдалы өнім. Оның құрамында пектин, жасұнық, макро және микроэлементтері бар дәрумендер бар. Кептірілген жемістер ас қорытуды жақсартады, жеңіл несеп айдайтын дәрі болып табылады және жүректің жұмысына жақсы әсер етеді.
Сонымен қатар кептірілген алмада көп калория көп екенін де ұмытпаған жөн – 100 г өнімге 250 ккал-дан артық. Кез келген кептірілген жеміс сияқты, оның зиянды қасиеттері де бар. Олардың құрамында қант көп. Сондықтан қант диабетімен ауыратындар мен семіздікке шалдыққандар оны көп жемеген жөн. Асқазанның ойық жарасы мен жедел панкреатит кезінде де кептірілген алманы жеуге болмайды. Жасұнықтың көп болуы антибиотиктер қабылдаудың тиімділігін төмендетуі ықтимал. Пектиннің шамадан тыс болуы іштің кебуіне, ауырсынуға, диареяға және газдың түзілуіне әкеледі.
Демек, кептірілген алманың ауруды емдейтінін немесе алдын алатынын растайтын дәлел жоқ. Оларды жеуге болады және жеу қажет, бірақ олардың емдік күшіне үміт артпаған жөн.