Fake News

Фейк: «Вакциналар иммунитетті бұзады»

Telegram-да Pfizer компаниясының бұрынғы вице-президенті Майкл Йидонның жаңа мРНҚ технологиясына байланысты КВИ қарсы классикалық вакциналадрн трансформациялау туралы мәлімдемесі талқылануда. Бұл адамдардың иммунитетінің бұзылуына әкеледі, планетаны депопуляциялау бойынша жаңа жоспар осыы. Бұл жалған мәлімдеме.


Бұған дейін Майкл Йидон КВИ қарсы вакциналардың клиникалық сынақтарын тоқтатуды талап еткен. Содан кейін вакцинация жүкті әйелдерде түсік тастауға және балалардың өліміне әкеледі деді. Майкл Йидонның сөздерін фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарды.
Оның COVID-19 пандемиясы қауіпті емес және вакциналар депопуляция құралы ғана деген сөзін де Пойнтер медиа зерттеулер институты жалған деп атады.
Pfizer-BioNTech және Moderna вакциналары жаңа мРНҚ технологиясы қолданылатыны рас. Тек ол адамдарды зомбиге айналдыру немесе өлтіруге емес, инфекциялар мен аурулардан қорғауға арналған. мРНҚ жасушаларға ақуыз өндіруге арналған «нұсқауларды» жеткізеді. Оны тани отырып, ағзамыз антигендер қалыптастыра бастайды. Иммундық жүйе антигендердің жау екенін түсініп, антиденелер мен Т-жасушаларын қорғаушыларды дайындайды. Осылайша адам ағзасы «қарсы тұруға» жаттығады. Егер нақты вирус болса, вакцинацияланған адам оны жеңе алады.
Вакциналар иммунитетті бұзбай, оны күшейтеді. Бұл ғылыми мәліметтермен дәлелденген. Солтүстік Каролина университетінің биостатистика профессоры Дань Линь Associated Press агенттігіне берген сұхбатында табиғи иммунитеттің вакцинация арқылы жойылмай, күшейетінін растады.
Даль Линь 5 пен 11 жас аралығындағы балалардың вакцинация тарихы мен клиникалық нәтижелері талданған зерттеу авторларының бірі.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы да егудің иммундық реакцияны күшейтетінін растады.
Осылайша, КВИ-ге қарсы вакцинация біздің иммундық жүйемізді бұзбайтыны, керісінше оның мүмкіндіктерін арттыратыны қуатталып, дәлелденді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button