Алаяқтар ірі интернет-дүкен атынан «ұтыс ойындарын» өткізеді
Қазақстандық WhatsApp қолданушылары достары мен туыстарынан ресейлік Wildberries маркетплейсі ақшалай сыйлықтар ұтысын өткізетіні туралы хаттар ала бастады. Бұл өтірік.
Бұл алаяқтардың ісі. Wildberries-тің ұтыс ойындары туралы барлық ақпаратында белгісіз сайт жазылған. Сілтеме бойынша өтпеңіздер. Бұл фишинг болуы мүмкін – онлайн алаяқтар жеке деректеріңізді ұрлайды. Ақшаңыздан да айырылуыңыз мүмкін.
Wildberries компаниясының ресми сайтында мұндай ұтыс ойындары туралы ақпарат жоқ.
2023 жылдың наурызында алаяқтар Wildberries атынан ақшалай ұтыс ойындарын жариялаған. Осыған орай компания ресми мәлімдеме жасады.
«Алаяқтардың белсенділігінің артуына байланысты Wildberries басқа сайттарда ұтыс ойындары мен акциялар өткізбейтінін еске саламыз. Барлық өзекті ақпарат біздің сайтта және мобильді қосымшада жарияланған. Егер науқанға немесе ұтыс ойынына қатысуға шақыру алсаңыз және бұл туралы ақпарат біздің сайтта болмаса – бұл алаяқтар», – деп хабарлады Wildberries.
Біздің ресурс ірі дүкендердің атынан әрекет ететін киберқылмыскерлер туралы бірнеше рет ескертті. Сондай-ақ алаяқтық схемаларды қалай тануға болатындығы туралы жаздық. Сақ болыңыздар және алаяқтардың алдауына түспеңіздер.