Fake News

Полицейлерге жасалған қарулы шабуыл туралы видео басқа елде түсірілген

Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Түркістан облысында түсірілген делінген бейнероликпен бөлісуде. Кадрларда қуғыншылық және қарудың атылғаны естіледі. Видеодағы мәтіндік хабарламада оқиға салдарынан екі полиция қызметкері қаза тапқаны айтылған. Бұл – фейк.

Шын мәнінде, роликтің Қазақстанға еш қатысы жоқ. Ол Ресейде түсірілген. Видео Youtube-та бірнеше жыл бұрын жарияланған.

– Бұл ақпарат жалған болып табылатындығын және оқиғаның 2014 жылы Ресей аумағында орын алғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, азаматтардан жалған ақпаратты одан әрі таратпауды сұраймыз және мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге шақырамыз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің ресми хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, сондай-ақ қызметкерлер жалған ақпараттың таралуына жол бермеу мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға күнделікті бақылау жүргізеді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button