Конспирология

Фейк: «2009 жылғы фильм вакцинацияның салдарын болжаған»

Telegram чаттарда 2009 жылғы «Геймер» фильмінің кадрлары тарады. Онда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинацияның салдары – ерік еркіндігінің жоғалуы және жаһандық құлдық болжанған екен. Бұл шындыққа жаанспайды.

Шын мәнінде, «Геймер» фильмінде вакцинация немесе оған жақын тақырыптар көтерілмеген.
Фильмдегі оқиға желісі бір адамның денесі мен ақыл-ойын екіншісі бақылай алатын технологиясы бар жақын болашақта өрбиді. Іші пысқан бай адамдар өмір бойына бас бостандығынан айырылған қылмыскерлерді виртуалды ғаламда емес, өмірде атысып ойнайтын «симстерге» айналдырады. Егер мұндай «сим» ұзақ уақыт тірі болса, онда оны түрмеден шығаруы мүмкін.
Кейбір желі қолданушыларының пікірінше, бір адамға екіншісін басқаруға мүмкіндік беретін технология – бұл COVID-19 қарсы вакциналары деп мәлімдейді. Олар құрамындағы графенге байланысты ерекше қасиетке ие болады екен.
Бұл бұрыннан жоққа шығарылған қастандық теориясы. КВИ қарсы бірде-бір вакцинада графен де, оның туындылары да жоқ.
Иммундауға арналған препараттардың құрамы ашық түрде жарияланады және онымен кез келген адам таныса алады. Қазақстанда рұқсат етілген COVID-19 қарсы вакциналардың толық тізбесі ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланған.
Демек, тараған ақпарат – жалған және конспирология. «Геймер» фильмінің COVID-19 қарсы вакцинацияға қатысы жоқ және оның салдарын болжамаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button