Тарих

Дәлелсіз: «Иллюминаттар үш дүниежүзілік соғыстың болатынын болжады»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда масон мен иллюминат Альберт Пайктың хаты туралы хабарлама тарады. Онда ол бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін – 1871 жылы үш дүниежүзілік соғыс болатынын болжаған екен.  Пайдаланушылардың айтуынша, хат Британ мұражайының кітапханасында 1977 жылға дейін сақталған, содан кейін мұражай әкімшілігі бұл құжаттың олардың коллекциясында болғанын жоққа шығара бастаған. Ненің шын, ненің өтірік екенін анықтайық.

Масондық ложа мүшесі және Конфедерация қолбасшысы Альберт Пайктың болжамы туралы әңгіме желіде көп танымал. Қастандық теорияларын жақтаушылардың көбі Пайк үш дүниежүзілік соғысты бірінші болып болжаған деп санайды. Біріншісі, оның айтуынша, Ресейдегі патшаларды тақтан тайдырып, коммунизм орнатуға тиіс болған. Пайктың хатына сәйкес, екінші соғыс, нацистер мен сионистер арасында, үшіншісі – сионистер мен ислам әлемі арасында болуы керек еді.

Ерекше көзге түсетін жайт, Пайктың терминологияны қолдануы. Егер болжамды хат 1871 жылы жазылған болса, онда «сионизм», «фашизм» және «нацизм» сөздерін қолдану оғаш көрінеді. «Сионизм» термині 1890 жылы ұсынылып, бірден қолданылып кетпеді. «Фашизм» термині де Пайктың тірі кезінде қолданылмаған. Ол 1920 жылдары, Муссолини билікке келгенде қолданыла бастаған. «Нацизм» сөзі 1930 жылдары шыққан.

Бұл хаттың шынайылығына және онда жазылған «болжамдарға» күмән келтіреді.

1978 жылға дейінгі ешбір жазбаша дереккөздерде Пайктың үш дүниежүзілік соғыс туралы хаты туралы айтылмаған. Ол туралы алғаш рет Уильям Гай Карр 1978 жылы жарық көрген «Ойындағы пешкалар» кітабында жазған.

Хаттың бір кездері Британ кітапханасында сақталғаны дәлелсіз.

1972 жылға дейін кітапхана Британ мұражайының бөлімшесі болған, олар мұражай каталогтарында Пайктың хаттары жоқ және болмаған деп хабарлады.

Онлайн режимде іздеуге болатын Британ кітапханасының негізгі каталогында да Пайктың соғыс туралы болжамдары бар хаттары жоқ.

Альберт Пайктың хаттарының бірін Арканзас мұрағатынан табылды. Ол 1880 жылдың мамырында жазылған. Онда алдағы президенттік сайлау туралы ойлар келтірілген. Құжатта дүниежүзілік соғыстар туралы болжамдар жоқ.

Жалпы алғанда, үш дүниежүзілік соғыс болжанған хаттың жазылғандығы және бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Ол туралы әңгімелердің бәрі дәлелсіз, ал одан келтірілген «дәйексөздері» өте күмәнді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button