Маскамен жүруді тексеретін мобильді топтар туралы ақпарат – фейк
Instagram-дағы taraz_v_obektive парақшасында қалада маска тағу режимін тексеретін мобильді топтар жұмыс істейтіні туралы хабарлама жарияланды. Авторлар жеке қорғаныс құралдарынсыз үйден тыс жерде жүргендердің барлығына айыппұл салынады дейді.
Жамбыл облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
– Бізде маска тақпағандарға айыппұл салатын мобильді топтар жоқ. Қалада құрылған және тұрақты жұмыс істейтін мобильді топтар түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, дәмханалардың, мейрамханалардың және басқа мекемелердің қызметін бақылайды. Бұл мобильді топтар көшелердегі адамдарға айыппұл салмайды, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, ведомство өкілдері көңіл көтеру орындарының иелеріне Бас санитариялық дәрігердің қаулысының талаптарын бұзған жағдайда айыппұл салынатынын атап өтті.
Бұған дейін осындай мәтіні бар хабарлама Нұр-Сұлтан қаласының және еліміздің басқа да қалаларының тұрғындары арасында мессенджерлерде тараған болатын.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз. Жаңалықтың шынайылығын біздің портал арқылы тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына – немесе +7 707 739 5599 What’s App номеріне жіберіңіз.
Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.