Fake News
Фейк: «Қылмыскерлер өзін полицейлер деп таныстырып, қазақстандықтардың пәтерлерін тонауда»
What ‘ sApp мессенджерінде Қазақстанда қарақшылар тобы туралы ақпарат тарады. Олар өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырып, пәтерге кіріп, тұрғындарды тонайды екен. Бұл шындыққа жанаспайды.
ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
– Аталған фактілер бойынша полицияға арыз-шағымдар түскен жоқ. Соңғы күндері көші – қон ағынының артуы елдегі криминогендік жағдайға ешқандай әсерін тигізген жоқ, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Баршаңызды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде арандатушылыққа бой алдырмауға және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.