Конспирология

Фейк: «Жаһандық жылынуды адамдарды улау үшін ойлап тапты»

Instagram-да жаһандық жылыну Жер бетіндегі өмірге қауіп төндірмейді, бұл құпия үкіметтің ойдан шығарғаны деп жазылды. Адамдарды жаһандық жылынумен қорқытып, ұшақтардан ауыр металдардың бөлшектерін шашу арқылы оларды улануға болады екен. Бұл теория қаншалықты рас, анықтайық.


Ұшақтар елді мекендерге адамдар мен табиғатты улайтын белгісіз улы заттар шашады деген идея химтрейл теориясы деп аталады. Бұл конспирологиялық теория 1990 жылдардан бері бар. Бастапқыда оны жақтаушылар химтрейлдердің көмегімен ауа райын өзгертеді деп мәлімдеді. Кейін адамдар осылай улайды деді. COVID-19 пандемиясы басталуымен бұл идеялар жаңа пайымдаулармен толықты: пайдаланушылар ұшақтардан адамдарға жұғатын вирустар шашады, кейіннен бәрін, бірдей вакцинациялау үшін вакциналар шашады деп жаза бастады.
Шын мәнінде, бұл нұсқалардың ешқайсысы расталмайды. Аспанда ұшақтардан кейін қалатын іздер – бұл құпия үкіметтің бұйрығымен шашқан улы химикаттар емес, суық ауада қатып қалған ылғал кристалдарынан пайда болған конденсация іздері.
Күн сәулесінің бір бөлігін жауып, жаһандық жылынуды тоқтату үшін ұшақтар атмосфераға барий, стронций және алюминий бөлшектерін шашады деген теория нақты ғылыми гипотезаға негізделген. Ғалымдар бұлай әрекет етуге болатынын шынымен қарастыруда, бірақ бірқатар себептерге байланысты олар атмосферада әлі ештеңе шашқан жоқ. Ең басты себептердің бірі – мұндай әрекеттердің планета үшін салдары қандай болуы мүмкін екендігі туралы деректердің аздығы. Кейбір ғалымдардың пікріінше, бұл жаһандық жылынудан қорғап қана қоймай, планетадағы климатты айтарлықтай өзгерте алады. Атап айтқанда, мамандар атмосфераға қандай да болмасын бөлшектерді шашуға байланысты жауын-шашынның түсу және жаңбыр жауу маусымдар өзгеруі мүмкін, бұл егіншілікке кері әсерін тигізіп, азық-түлік дағдарысына соқтыруы ықтимал деп ойлайды. Басқа да алаңдаушылықтар бар, мұндай әрекеттер озон қабатын бұзып, жаһандық салқындауға және т.б. әкелуі мүмкін. 

Жаһандық жылынудың ойдан шығарылмағаны, шындық екендігі белгілі. Оны мұздықтардың еруінен, теңіз деңгейінің көтерілуінен, планетаның көптеген жерлеріндегі орташа температураның жоғарылауынан, мұхиттардың жылынуы мен тотығуынан, мәңгі мұзды аймақтардағы қар мен мұз қабаттарының жұқаруынан, табиғи апаттардың жиілеп кетуінен және т.б. байқауға болады. 
Олай болса, таралған ақпарат жалған. Атмосфераға ешқандай металдар немесе басқа заттар шашпайды. Ал мұны дәлелдейтін теориялар – растауы жоқ конспирология. Жаһандық жылыну жүріп жатыр және оны табиғатты ұзақ уақыт бақылау арқылы байқауға болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button