Конспирология

Фейк: «Аватар 2» фильмінің логотипінде масондық символ салынған»

Қазақстандықтар танымал Telegram-чаттарда «Аватар 2: су жолы» жаңа фильмінің логотипінде құпия масондық символ салынған деп жазуда. Бұл өтірік.

«Аватар 2: су жолы» фильмі биыл ғана емес, ондаған жыл күткен фильм премьераларының бірі. Режиссер Джеймс Кэмерон «Аватар» фильмін 2009 жылы шығарған. Екінші фильмін 13 жыл бойы жасаған. Кэмеронның айтуынша, фильмде бұрын-соңды кинода қолданылмаған әдістер мен технологиялар пайдаланылады.
Қазірдің өзінде Желіде фильмнің екінші бөлімінің ресми трейлері көрсетілуде. Онда фильмнің басты кейіпкерлері ұшатын қанатты тіршілік иелері бар.
Олардың бірінің мүсіні фильмнің логотипінде бейнеленген. Ұшатын жануар көлденең сызықтың орнына бірінші «А» әрпіне жазылған.
Премьерасы әлі өтпесе де, фильмде масондықтың, қастандық теорияларының және құпия қауымдастықтардың белгілері жоқ деп айтуға болады.
Яғни, логотипте құпия масондық белгі емес, фильмде көрсетілген фантастикалық жануарлардың бірі бейнеленген.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button