Fake News

Фейк: «Қытайда «Кока-Кола» сантехникалық құрал деп танылды»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Қытайда танымал «Кока-кола» газдалған сусыны ресми түрде сантехникалық сұйықтықтар санатына ауыстырылатыны туралы жаңалықтарға қатысты пікірлерін жазуда. Пайдаланушылар бұл сусынды ішпей тұрып жақсылап ойлануға кеңес береді. Бұл рас па? Тексерейік.

Қытай тілінде «Кока-кола», «Қытай» және «сантехника» кілт сөздерімен іздеу еш нәтиже бермеді. Бірде-бір ірі қытайлық БАҚ-та немесе ресми сайтта мұндай ақпарат шықпаған. Ал осы сөздерді орысша жазып көргенде, бұл жаңалықтың бастапқы көзі тез табылды. Бұл «Панорама» сатиралық порталы екен. Аталған портал шынайы жаңалықтарды жылына бір рет – 1 сәуірде жариялайды. Дәл осы ақпарат 2018 жылдың 25 тамызында шыққан, яғни бұл – әзіл.
Осыған қарамастан, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары сатиралық порталға сеніп, жаңалықты шынайы деп таратқан. Содан бері ол Желіде мезгіл-мезгіл талқыланып, қызу пікірталас тудыруда. Мәселен, хабарлама 2018 жылы, содан кейін 2019 жылы талқыланған, енді 2023 жылы тағы да адамдардың назарын аударды.
Олай болса, Қытайда «Кока-кола» сантехникалық сұйықтықтар санатына енгізілгені туралы ақпарат – бұл желі қолданушылары бес жылдан бері шындық деп келе жатқан әзіл.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button