Конспирология

Конспирология: «3-5 қазан аралығында адамдарға вакцинамен бірге егілген құпия заттар белсендіріледі»

Қазнетте 2023 жылдың қазан айының басында бірнеше елде қатарынан тексеру мақсатында сиреналар іске қосылатыны туралы видеоролик тарады. Шын мәнінде, бұл сиреналар COVID-19 қарсы вакцинацияланған адамдардың ағзасындағы графенді белсендіру арқылы смартфондар, радиоқабылдағыштар және теледидарлар арқылы арнайы сигналдар береді екен. Мұның бәрі фейк және конспирология.

COVID-19 қарсы вакциналарда графен оксиді бар деген теория – фактчекерлер де, иммундау препараттарын өндірушілер де бірнеше рет жоққа шығарған ескі фейк.
Біріншіден, графен оксиді – бұл вакциналардың құнын едәуір арттыратын өте қымбат зат.  Екіншіден, COVID-19 қарсы вакциналарға графен оксидін қосу мағынасыз. Оның ешқандай құпия қасиеттері жоқ және оны препаратқа қосу ешкімге пайда әкелмейді. 
2023 жылдың қазан айының басында әртүрлі елдерде аталған затты адам ағзаларында белсендіретін сиреналар іске қосылады деген теория АҚШ-та жоққа шығарылды. Онда жедел ескерту жүйелері елде 1963 жылдан бері жұмыс істеп келеді және ешқандай заттарды белсендіре алмайды деп айтылды. Мұндай жүйелердің қауіпсіздігі бұрыннан дәлелденген және күмән тудырмайды. 
Қазақстанға келетін болсақ, елімізде азаматтық қорғау туралы хабарлау жүйелерін тексеру 2023 жылғы 1 наурызда жүргізілді. Бұл ретте адамдармен ерекше немесе қорқынышты ештеңе болған жоқ. Мұндай сынақтар төтенше жағдай кезінде адамдарға тез және тиімді хабарлау және сол арқылы олардың өмірін сақтау үшін өткізіледі.
Вакцинация мен ескерту жүйелерін сынау арасында ешқандай байланыс жоқ. Демек, таралған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button