Фейк: «Глобалистер жаңа әлемдік тәртіп орнату үшін белгісіз ұшатын нысан басып кіргендей етеді»
Instagram-да тараған видеода глобалистер адамдарды «сырттан төнген қауіп» жағдайында жаңа әлемдік тәртіпті қабылдауға мәжбүрлеу үшін Жерге өзгеғаламшарлықтар басып кіргендей етеді деп айтылады. Бұл қандай видео, шабуыл туралы кім айтты және мұның бәріне сену керек пе екен, тексерейік.
Суреттерді кері іздеу құралдарының көмегімен видеоның Джо Роганның подкаст эпизодтарының бірін жазу кезінде түсірілгені анықталды. Джо Роган – актер, тележүргізуші, спорт комментаторы және жеке подкасттың авторы. COVID-19 пандемиясы басталғанда ол шоуына әртүрлі даулы қонақтарды – covid-диссиденттерді, конспирологтарды және вакцинацияға қарсы адамдарды шақыра бастады. Нәтижесінде дәрігерлер мен ғалымдар Роган подкастына құқық иеленуші Spotify компаниясына ол тарататын жалған ақпаратты модельдеуді сұрап, ашық хат та жазды.
Видеода өзгеғаламшарлықтардың жалған шабуылы туралы айтқан – стенд-ап комик, жекпе-жек нұсқаушысы Эдди Браво. Сондай-ақ ол қастандық теорияларын жақтаушы танымал тұлға. Мысалы, ол тегіс Жер, біртұтас әлемдік үкімет және 11 қыркүйектегі шабуылды АҚШ үкіметі алдын ала жоспарлаған деген теорияларды қолдайды.
Яғни, авторға да, подкаст қонағына да сенбеген жөн. Олардың екеуі де дәлелсіз қастандық теорияларын жақтайды және үкіметтердің жоспарларын алдын ала білетіндей құпия білімдері жоқ.
2024 жылы кейбір глобалистер өзге ғаламшарлықтар Жерге басып кіргендей қылады деген теорияны тағы бір әйгілі конспиролог Джозеф Спенсер ойлап тапқан. Оның айтуынша, ол мұны Орталық барлау басқармасында «қара киімдегі адамдар» бөлімінде жұмыс істегендіктен біледі. Бұл аттас фильмдегідей Жер бетінде өмір сүретін өзгеғаламшарлықтарды басқарумен айналысқан бөлімде.
Ол бұл «Көк сәуле» жүйесі арқылы жүзеге асырылады деп мәлімдеді. Бұл аспанда кез келген түрдегі және формадағы шынайы голограммалар жасауға және адамдарға белгілі бір ойларға иландыруға мүмкіндік береді. Шын мәнінде, мұндай жоба жоқ, ал бұл туралы қауесет – конспирологтардың ойдан шығарғаны.
Жалған шабуылдан кейін орнайтын жаңа әлемдік тәртіп – бұл да конспирология. Теорияға сәйкес, әлемдегі президенттер мен үкіметтерді басқаратын ауқатты және әйгілі адамдар тобы бар және жасырын түрде барлық адамдарға сұмдық тыйымдар мен шарттар қою арқылы жұмыс істеуді армандайды. Жаңа әлемдік тәптір орнаған соң адамдар меншік құқығынан, өз балаларын тәрбиелеуден, еңбекақы төлеуден және тағы басқалардан айырылады, ал тәуелсіз мемлекеттер жойылады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі сияқты бұл теория да расталмайды.
Демек, таралған видеоға сенбеген жөн. Айтылған «болжам» – сенімсіз подкаст эфирінде конспирологияны жақтаушы айтқан бірнеше ескі қастандық теорияларынан жасалған ақпарат.
Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.