Конспирология

Фейк: «Химтрейлдер мен адамдарға генетикалық тәжірибелер жүргізілетіні ресми түрде танылды»

Қазақстандықтар Instagram-да америкалық философ және биоэтик Мэттью Ляоның сөзін таратуда. Ол өз сөзінде адамдарға генетикалық тәжірибелер жүргізіліп, қалаларға қауіпті заттар шашылатынын мойындайды екен. Бұл олай емес.

Ақпаратқа теркелген видеода Мэтью Ляо TED X конференциясында сөз сөйлеп тұр. Бұл ролиуті Желіден табуға болады.

Спикердің пайымдауынша, адамзат климаттың өзгеруімен күресу үшін қатаң шаралар қабылдауы керек. Геоинженерия туралы сөз қозғай келе, ол бұл күн сәулесінің бір бөлігін ғарышқа шағылыстыру және сол арқылы Жердің температурасын төмендету үшін озон қабатында белгісіз бөлшектерді шашу деп түсіндіреді. Сондай-ақ ол мұндай шаралар қауіпті болуы ықтимал және осындай қадамға барып, біз атмосфераның барлық озон қабатын жоғалтып, экологиялық апатқа тап болуымыз мүмкін екеніна йтады.
Одан әрі Мэттью Ляо парниктік газдар шығарындылары мөлшерінің басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына тиесілі екенін айтады. Оның сөзінше, адамдар етті аз жесе, бұл мәселені шешіп, шығарындыларды азайтуы мүмкін, бірақ стейктер мен гастрономиялық еттерден бас тартуға әркімнің ерік-жігері жете бермейді. Ляо гендік инженерия арқылы адамдарды ет жемеуге дағдыландырса, бұл климаттың өзгеруіне қарсы күресте айтарлықтай көмектесер еді.
Ол өз сөзінде адамдарға осындай эксперименттер жүргізіліп жатыр немесе озон қабатында белгілі бір заттарды шаша бастады деп айтпайды. Мэттью Ляо тек климаттың өзгеруімен қалай күресуге болатындығы туралы теориясын ұсынады, бірақ оның ойларымен бәрі бірдей келісуге міндетті немесе оның идеялары жақын арада жүзеге асады деп мәлімдемейді.
Демек, видеода философ химтрейлдер мен адамдарға қатысты жасырын тәжірибелер жүргізілетіне сенетін конспирологтардың сөзі дұрыс деп айтпайды, ол өзекті мәселе жайлы пікірін алға тартады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button