Тарих

Дәлелсіз: «XIX ғасырда Үндістанда ядролық соғыс болған»

Әлеуметтік желілерде зерттеуші Михаил Гейконың видеосы тарады. Оның айтуынша, 150-200 жыл бұрын, XIX ғасырда Үндістан аумағында ядролық жарылыстар болған. Гейко мысал ретінде жанында «күйдірілген тастар» жатқан Хампи қаласын келтіреді. Видео кейіпкері бұл тастар бұрын жоғары температураның әсерінен еріп кеткен қала дейді.

Шын мәнінде, XIX ғасырда Үндістанда болған ядролық жарылыстар туралы теория ¬- маңызды дәлелдері жоқ танымал миф. Хампи маңындағы қаладан қалған балқытылған тастар да бұл теорияны растамайды. Оның үстіне, алғашқы ядролық қару-жарақ – жарылғыш құрылғы ¬- 1945 жылы әзірленген.

Михаил Гейко әлеуметтік желілердегі парақшаларында балама (шынайы емес) оқиғаны баяндайды және өзін саяхатшы, зерттеуші және блогер ретінде таныстырады. Алайда, Интернетте оның кәсіби білімі немесе ғылыми жұмысы туралы ақпарат жоқ. Бұл оның тарих саласындағы тұжырымдарының дұрыстығына күмән келтіреді.

Ежелгі Хампи қаласы (кейбір дереккөздерде «ауыл») бар. Ол Үндістанның оңтүстік-батысында Карнатака штатында орналасқан. XIV ғасырда шаһар Виджаянагара империясы астанасының бөлігі болған. XVI ғасырда империя ыдырағаннан кейін Хампи қараусыз қалып, тоналған, бұзылды.

XIX ғасырда қирандыларды археологтар мен тарихшылар зерттей бастады, ал 1986 жылы Хампи храмдарының қалдықтары мәдени ескерткіштер ретінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді.

Дегенмен, Гейко айтқан «күйдірілген тастар» қаланың бір бөлігі болмаған. Жартастар – бұл Хампидің дәл ортасында орналасқан Матанга тауы. Бұл жыныстар темір мен алюминийге бай «латерит» тау жыныстарынан тұрады.

Барлық тау жыныстары, латерит те үгіледі. Уақыт өте келе желдің, судың, тіпті ауаның әсерінен тау жынысының пішіні мен қалыңдығы өзгереді. Демек, тастар атом жарылысы салдарынан ерімеген. Олардың формасы табиғи құбылыстарға байланысты.

Сонымен қатар Матанга тауында бір ғана ғимарат – Вирабхадра храмы бар, ол шыңда орналасқан. Тауда басқа ғимараттардың іздері жоқ.

Олай болса, XIX ғасырда Үндістанда болған ядролық соғыс туралы теория жалған. Бұл дәлелі жоқ миф. Хампи де жарылыстардың дәлелі емес, өйткені қаланың өзін адамдар қиратқан. Ал Хампидің айналасындағы Матангадағы тау жынысы ұзақ уақыт бойы жүрген табиғи процесс – үгілуге ұшыраған, бұл тастардың пішініне әсер еткен.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button