StopFake.kz оқырманы интернет-алаяқтар туралы хабарлады
Желіде қазақстандықтарға «тез және оңай табыс» табуды ұсынған интернет-алаяқтар жұмысын жандандырып отыр. Схема қаржылық пирамидаға ұқсайды – пайдаланушылар салған ақша бірер уақыттан кейін еселенп қайтады. Stopfake редакциясы алаяқтық схеманы толық жазып, зиянкестердің деректерін құқық қорғау органдарына жолдады.
StopFake.kz редакциясының атына кері байланыс нысаны арқылы оқырманнан алаяқтарды анықтағаны туралы хат келіп түсті. Ол Instagram-дағы аккаунттарға сілтемелер жіберіп, олардың адамдарды алдайтынын айтқан.
Біздің қызметкеріміз екі профильді де тексерді: екі аккаун та«несиесіз және қарызсыз тез пайда табатыныңызға» уәде береді. Сонымен қатар, атаулары әртүрлі болғанына қарамастан, профильдер мазмұны жағынан ұқсас және бір уақытта ашылған. Екеуінде де қолына ақша ұстаған адамдардың суреттері жарияланған, ал посттарда пайдаланушылардың бірдей пікірлері ұсынылған.
Біз бір аккаунтқа direct-ке жазып, қалай тез ақша табуға болатынын сұрадық. Бастапқыда ер адам картаға 10 мың теңге жіберуді ұсынды, тіпті байланысатын телефон номерін де көрсетті. Ал 2 сағаттың ішінде «ақшаны бірнеше рет алғаннан кейін» бұл сома 420 мың теңгеге дейін өсетінін айтты.
Бірақ тексерген кезде бұл номер бойынша картаның тіркелмегені анықталды, ал ақшаны телефонға баланс ретінде салу керек екен. Ер адам төлемге кепілдік ретінде «өзінің түйіндемесін және жеке куәлігін» жіберді, бірақ құжаттың суреті нашар түсірілген.
Мұндай алаяқтық схемалар көп жылдан бері қолданылып келеді. Әдетте зиянкестер адамдардың қолжетімді жеке деректерін пайдаланады. Пайдаланушы ақшаны жіберген соң ол Қазақстанда тіркелмеген сыртқы картаға немесе ресурсқа аударылады. Бұдан кейін алаяқтармен байланысқа шығу мүмкін болмайды – телефондары сөндіріліп, аккаует бұғатталады.
Instagram әлеуметтік желісі пайдаланушыларды оңай ақша табу жолларын ұсынатын зиянкестер туралы үнемі ескертеді.
«Инвестицияға қатысиы алаяқтық.
Мұндай алаяқтар адам сенгісіз пайда табатыныңызға уәде береді, мысалы, 100 АҚШ долларын салып, 1,000 АҚШ доллар ала аласыз. Жұмсаған ақшаны еселеп қайтаратыныңызға уәде берген алаяқтар сіз ақшаны аударған соң ізін суытады. Сонымен қатар, алаяқтықтың бұл түріне «тез байыту» туралы уәделер, салынған ақша сомасын еселеуге мүмкіндік беретін схемалар, сондай-ақ қаржылық пирамидалар кіреді», – деп жазады әлеуметтік желінің қолдау қызметі.
Екі аккаунттың мәліметтері құқықтық бағалау жүргізу үшін ҚР ІІМ жолданды. StopFake ескертеді: сақ болыңыз және күмәнді схемаларға қатыспаңыз.
Біздің редакциямыздың Whatsapp-номері: +7 707 739 5599