Жаңалықтар

Фейк: «Стюардессалар вакцинацияға жаппай наразылық білдірді»

Қазақстандықтар таратқан видеода Римнің басты алаңдарының бірінде бір топ әйел киімін шешеді. Осылайша олар COVID-19 қарсы міндетті вакцинацияға өз наразылықтарын білдірген. Шындығында, бұл акцияның вакцинацияға немесе пандемияға ешқандай қатысы жоқ.

Іс жүзінде 50-ге жуық стюардесса жұмыс жағдайына байланысты Рим орталығында наразылық білдірді. 
Биыл 15 қазанда ең ірі италиялық Alitalia авиакомпаниясы өз жұмысын тоқтатты. Оның орнына Italia Transport Aereo (ITA) құрылды. Штатқа Alitalia-ның бұрынғы 10200 қызметкерінің 2700-і ғана алынған. Бұл ретте ITA жалдаған қызметкерлер еңбекақының төмендегеніне және еңбек жағдайларының нашарлағанына шағымдануда.
Бұл шара арқылы Alitalia компаниясының бұрынғы 50 қызметкері осы мәселеге назар аудартпақ болған. Олар алаңға жойылған әуе компанияның формасымен шығып, оны шешіп,«Біз – Alitalia-мыз!» деп айтқан.
Демек, олардың наразылығы вакцинацияға немесе COVID-19-ға мүлдем қатысы жоқ еді. Бортсеріктер елдегі ең ірі авиакомпанияның қайта ұйымдастырылуына және еңбек жағдайларының нашарлауына келіспейтіндіктерін жеткізді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button