Конспирология

Фейк: «Кітапханалардан алынған энциклопедия Жердің жазық екенін дәлелдейді»

Instagram қолданушылары Жердің жазық екенін және оның үстінде күмбез барын дәлелдейтін энциклопедия көрсетілген видеомен бөлісуде. Бұл Кітап 1958 жылы шыққан және ролик авторының айтуынша, көпшілік кітапханалардан алынған. Бұл кітапта не туралы жазылған? Түсіндіріп өтейік.

1958 жылғы британ энциклопедиясының видеосы Желіде 2023 жылдың басында тарады. Оған америкалық фактчекерлер назар аударады. Олар кадрларда көрсетілген кітаптың шынайы екенін анықтады. Ол кітапханалардан алынбаған.

Жазық жер теориясын жақтаушылар энциклопедиядан Антарктиданы зерттеуге арналған тараудағы дәйексөзді байқаған. Онда Жаңа Зеландиядан шыққан төрт ұшақ Антарктиданың үстінен ұшып бара жатып, оның үстіндегі төрт шақырымдық күмбезді байқаған делінген.

Күмбез деп олар жазық Жерді жауып тұрған жұмбақ күмбезді емес, қалыңдығы 4 шақырым болатын тығыз қарлы-мұзды қақпақты айтқан. Антарктидадағы мұндай алып күртік қарды күмбездер деп атайды. Олар бірнешеу. Ең үлкені, энциклопедияда сипатталғандай, А күмбезі деп аталады, сонымен қатар B, C, D күмбездері және Талос, Титан және Фудзи деп аталатын күмбездер бар.

Демек, энциклопедияда жазық Жердің үстіндегі күмбез туралы емес, шар тәрізді планетаның екі полюсінің бірінде орналасқан алып кесек қар туралы жазылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button