Конспирология

Фейк: «Oreo печеньесінде масондық және сатанистік белгілер бар»

Әлеуметтік желілерде ерекше теория тарады. Пайдаланушылар Oreo печеньесінен сатанистік крест пен Тамплиер кресттерін байқаған. Бәріміз сүйіп жейтін десертте оккульттік нышандар бар ма екен? Анықтайық.

Белгілі печеньеде сатанистік крест пен Тамплиер кресттері бейнеленген деген теория 2014 жылы Желінің ағылшын тіліндегі сегментінде таралды. Екі көлденең қиылысқан және Oreo сөзінің үстінде орналасқан тік сызықты сатанистік крест деп ойлаған. Ал, «Тамплиер кресті» деп печеньенің жиегіндегі өрнектерді атаған.
Фактчекерлер бұл теорияға 2017 жылы назар аударған. Snopes порталында егжей-тегжейлі талдау жасалған. Сайттағы басылымда қазіргі заманғы Oreo печеньесінің дизайны – бұл Oreo жазуы мен оның айналасындағы гүлдер мен жапырақтар шоғы біріктірілген бұрыннан бар екі үлгінің комбинациясы.
Яғни, «Тамплиер кресттері» шын мәнінде төрт жапырақты жоңышқаның стильді бейнесі болып табылады.
Oreo сөзінің үстінде орналасқан екі көлденең қиылысқан тік сызық «сатанистік крест» емес, бұл печеньені бірінші болып шығарған Nabisco-ның өзгертілген логотипі.
Сонымен қатар Snopes-тің хабарлауынша, дизайнер Уильям А. Тернье, оның баласы Биллдің айтуынша, масон емес және печеньеде құпия белгілерді салмаған.
Демек, таралған теория конспирологиялық және дәлелсіз. Oreo печеньесінде бейнеленген үлгіні толықтай түсіндіруге болады және оның оккультизмге қатысы жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button