Fake News

Фейк: «HAARP жүйесі арқылы Жер атмосферасы басқарылады»

Желіде HAARP жүйесінің Жер атмосферасын басқара алатынын дәлелдейтін эксперименттің видеосы пайда болды. Онда не көрсетілген және адамдар ауа райын өз қолымен қалыптастыра ала ма? Анықтайық.

Таралған видеода ер адам колбада небулайзердің көмегімен қалың су буын жасайды. Содан кейін сол колбада бу шығаратын радиотолқындар тарататын құрылғыны қосады. Бұл HAARP жүйесінің атмосфераға осылай әсер ететінін дәлелдейді екен.

Шындығында, бұл эксперимент дұрыс емес. Неге екенін түсіндірейік.

HAARP жүйесі – бұл жоғары жиілікті белсенді поляр шұғыласын зерттеулер. Бұл атмосфераның жоғарғы қабатына және ионосфераға 3,6 мегаватт шығара алатын антенналар «торы». HAARP ионосфераның кішкене бөліктерін қыздырып, эксперименттер жүргізуге және зерттеуге мүмкіндік береді.

Құрылғы ауа райына әсер етпейді. Бұлттар атмосфераның ең төменгі қабатында – тропосферада қалыптасады. Одан жоғары стратосфера, мезосфера, содан кейін ғана ионосфера немесе термосфера орналасқан.

HAARP сигналдары тропосфера арқылы өтеді және оған еш әсер етпейді. 

2018 жылы Ресей мен Қытай ғалымдары HAARP жүйесіне ұқсас «Сура» қондырғысының көмегімен бірлескен жаттығулар өткізді. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары жүйенің ауа райына ешқандай әсер етпейтінін және табиғи апаттар тудырмайтынын түсіндірді. 

Демек, видеода көрсетілген эксперимент HAARP-тың ауа райына әсер ететінін дәлелдемейді. Эксперименттік колбада «құрылғы» тікелей «бұлттарда» тұр, ал нақты қондырғы әлдеқайда төмен орналасқан, екіншіден, ол бұлттар қалыптасатын тропосфераға емес, ондаған шақырым жоғары орналасқан ионосфераға әсер етеді.

Демек, таралған видео көрермендерді шатастырады және оған сенбеген жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button